Ленка Коткова
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ленка Коткова (26 шілде 1973 дүниеге келген) - Чех астрономы және кіші планеталарды тауып зерттеуші.
Ленка Коткова | |
Ленка Коткова Ondřejov обсерваториясында | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Добржиховице, Чехословакия |
Азаматтығы |
Чех |
Жұмыс орны |
Ondřejov-тегі AV ČR астрономиялық институты |
Альма-матер |
Прагадағы Карлов университеті |
Несімен белгілі |
шағын планеталарды табушы |
Марапаттары |
|
Ол Прагаға[1] жақын орналасқан Оndřejov обсерваториясында(Оndřejov observatory) жұмыс істейді. Негізгі белдеудің көптеген астероидтарынан басқа, ол Марс арқылы өтетін 9671 Hemera[2] астероидін және Hilda тұқымдасының 21804 Václavneumann[3] астероидін тапты.
Ленка Коткова Прагадағы Карлов университетінің физика-математика факультетінде метеорологияны оқыды. Оның Оndřejov-тегі AV ČR астрономиялық институтындағы міндеттері, бірінші кезекте деректер қорын жасау, спектроскопиялық және фотометриялық бақылау мен мәліметтерді өңдеу болып табылады. Планетааралық материя бөлімінде жұмыс істеу кезінде оның негізгі рөлі жерге жақын астероидтарды бақылау болды. Ол Питер Правец және Питер Кушниракпен бірге әйгілі "Қос астероидтардың" көп бөлігін анықтады. Сол кезеңде ол бірлесіп немесе өзі жалғыз жүзден астам астероидты ашты. Қазіргі уақытта Ленка Коткова "Жұлдызды" бөлімде Оndřejov-тің екі метрлік телескопында бақылаушы болып жұмыс істейді.
2000 жылы ол ауыспалы жұлдыздарды зерттеудегі маңызды жұмысы үшін Чех астрономиялық қоғамының "Zdeněk Kvíz" сыйлығын алды.
1997 жылы әріптестері Петр Правец және Марек Вольф ашқан (10390) Ленка астероиды оның есімімен[4] аталған. 1999 жылы өзі ашқан (60001) Аделька астероиды қызының есімімен[5] аталған, ал 1995 жылы ашқан (7897) Богушка анасының есімімен[6] аталған.