From Wikipedia, the free encyclopedia
Липецк облысы (орыс. Липецкая область) – Ресей құрамындағы субъект, облыс.[1] Әкімшілік орталығы — Липецк қаласы. 2010 жылғы санақ бойынша халық саны 1,173,513 адамға тең.
Ресей Федерациясының субъектісі, облыс | |||||
Липецк облысы | |||||
орыс. Липецкая область | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Федералды округі |
Солтүстік Орталық | ||||
Экономикалық ауданы |
Орталық Қара Жер экономикалық ауданы | ||||
Әкімшілік орталығы |
Липецк | ||||
Басшысы |
Игорь Георгиевич Артамонов | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Құрылған уақыты | |||||
Жер аумағы |
24 047 км² (72 орын) | ||||
Уақыт белдеуі |
UTC+3, МСК | ||||
Ірі қалалары |
Липецк, Елец | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
▼ 1 113 680 адам (2022)(45 орын) | ||||
Тығыздығы |
46,31 адам/км² | ||||
Ұлттық құрамы | |||||
Ресми тілі | |||||
ISO 3166-2 коды |
RU-LIP | ||||
ОКАТО коды} |
42 | ||||
РФ субъектінің коды |
48 | ||||
Облыстың қазіргі түрі 1954 жылы 6 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы шешімімен құрылған. Оның жері Воронеж, Рязань, Тамбов, Тула, Орёл облыстарының бұрыңғы жерінен алынған еді.[1]
Экономикалық, мәдени-ағарту жетістіктері үшін Липецк облысы 1967 жылы 4 шілдеде Ленин орденімен марапатталған.
Липецк облысы солтүстік-шығысында Рязань облысымен, шығысында Тамбов облысымен, оңтүстігінде Воронеж облысымен, оңтүстік-батысында Курск облысымен, батысында Орёл облысымен және солтүстік-шығысында Тула облысымен шектеседі.
Липецк облысы Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігі[1] мен Дон өзенінің жоғарғы ағысын алып жатыр. Жері қыратты, төбелі жазық келеді. Климаты қоңыржай континенттік.
Басты өзені – Дон. Негізінен сұр орман топырағы аралас қара топырақ тараған. Территориясының 8,3%-ке жуығы орман. Қасқыр, түлкі, тиін, қоян, саршұнақ, аламан, суыр; құстардан қаз, тырна, жапалақ және т.б. кездеседі.
Қаңтардың орташа температурасы –10, -11 градус, шілдеде 19–20 градус. Жылдық жауын-шашын мөлшері 450-500 мм.
Әкімшілік жағынан 18 ауданға бөлінеді. 8 қаласы, 4 қала типтес посёлкесі бар. Облыстың әкімшілік орталығы — Липецк қаласы.
Кеңес үкіметі кезінде облыстың жоғары билігі үш адамға бөлінді: Липецк КОКП комитетінің бірінші хатшысы (шын мәнінде ол ең үлкен билікке ие болды), облыстық Кеңестің (заң шығарушы билік) төрағасы және облыстық атқару басқармасы комитетінің төрағасы (атқарушы билік). 1991 жылдан бастап облыс билігінде Губернатор (2018 жылдан бастап басшы аталатын) және облыстың жергілікті парламенті.
2019 жылдан бастап облыстың губернаторы — «Біртұтас Ресей» партиясының мүшесі Игорь Георгиевич Артамонов.[2]
2010 санақ бойынша халқын негізінен орыстар (96,3%) құрайды, басқа ұлт өкілдері ішінен украиндар (0,9%), армяндар (0,6%) және әзербайжандар (0,3%) бар.[3]
Облыс халқының көпшілігі христиандар (74.3%; соның 71.3%-ы өзін Орыс православ шіркеуіне байланыстырса, қалған 3%-ы өзін олай сипаттамайды). Басқа дін өкілдері ішінен 1%-ы мұсылмандар және 1%-ы Славян нео-паганисттері. Оған қоса 15%-ы өзін «рухани, бірақ дінсіз» деп, 6%-ы атеист деп сипаттады және қалған 2,7% басқа дінге сенеді немесе жауап бере алмады.[4]
Қала халқы 591 мың. Ірі қалалары: Липецк (508,887), Елец (108,404), Данков (21,064), Грязи (46,807).
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.