From Wikipedia, the free encyclopedia
Лиссабон (порт. Lisboa) — Португалияның астанасы.
Қала | |||||
Лиссабон | |||||
порт. Lisboa | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Статусы |
Астана | ||||
Аймағы | |||||
Округ |
Лиссабон | ||||
Ішкі бөлінісі |
53 аудан | ||||
Мэр |
Фернанду Медина | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
38°43′ с. е. 9°10′ б. б.38.717° с. е. 9.167° б. б. (G) (O) (Я) | ||||
Алғашқы дерек |
б.э.б. 205 | ||||
Бұрынғы атаулары | |||||
Қала статусы |
1179 | ||||
Жер аумағы |
100,05[1] км² | ||||
Орталығының биiктігі |
100 м | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
505 526[2] адам (2017) | ||||
Тығыздығы |
6503,4 адам/км² | ||||
Агломерация |
Үлкен Лиссабон | ||||
Ұлттық құрамы |
Португалдар | ||||
Этнохороним |
лиссабондық | ||||
Ресми тілі | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
+351 21 | ||||
Пошта индекстері |
1000-1900 | ||||
cm-lisboa.pt (порт.) | |||||
Лиссабон шекарасы
| |||||
Ортаққордағы санаты: Лиссабон |
Атлант мұхитынан 15 км жерде, Тежу өзенінің кең сағасында, Пиреней түбегінің оңтүстік-батыс жағалауындағы қолайлы жерде тұр. Қала аудандары өзен сағасынан Алентежу жағажайларына дейін созылып жатқан Лиссабон жағалауларында орналасқан. Астаналық мегаполистің қазіргі заманғы көп қабатты үйлері шеткі аймақтардағы табиғаты әсем, шағын кенттерге біріккен балықшылар мекендерімен алмасады.
Лиссабонның төңірегіндегі табиғи жағдайлар тіршілік үшін өте қолайлы. Атлант мұхитынан ылғалды ауа ағынының тұрақты келіп тұруы климатты жеткілікті дәрежеде жұмсақ етеді, мұнда қыста жылы (ауа температурасы +9°С белгіден төмен түспейді), ал жазда шамалы ыстық (тамыздағы орташа температура + 24 °С-тан аспайды) болады.
Жағалаудагы аудандарда ормандардың аяусыз жойылуына қарамастан, Лиссабонның айналасы өсімдіктер дүниесі бай теңіз жағалауында өсетін қарағай, эвкалипттер, мәңгі жасыл бұталар (маквистер) сақталған. Биік әрі қалың болып өсетін массивтер ландшафтыға қайталанбас әсемдік береді.
Лиссабон — Португалияның ең ірі қаласы, оның 678 мыңнан аса тұрғыны бар, ал Үлкен Лиссабон агломерациясында 2,1 млн-ға жуық адам тұрады. Португалияның астанасы — бір ұлтты қала, оның халқының 97%-ын португалдықтар, тек 3%-ын шетелдік азаматтар құрайды. Солай болса да дәстүрлері мен мәдениеті тек жергілікті тұрғындардың ғана емес Жапония, Үндістан, Африка мен тағы да бірқатар елдер саяхатшыларының ықпалымен қалыптасқан Лиссабонның көп ғасырлық тарихы оған, "қарама-қарсылықтар қаласы" аталуына құқық береді.
Лиссабон тұрғындарының көпшілік бөлігінің тілі белгілі бір дәрежеде испан тіліне ұқсас, бірақ сөздердің айтылуы, жазу ережелерімен ерекшеленетін португал тілінде сөйлейді. Лиссабонды Португалия қалаларының інжу-маржаны деп атайды. Ол көптеген туристерді өзінің тамаша шіркеулері, замоктары, ортағасырлық көшелері және мұрайжайларымен тартады.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.