Александр Григорьевич Лукашенко
From Wikipedia, the free encyclopedia
Александр Григорьевич Лукашенко (30 тамыз 1954 ж. туған, Белоруссия, Могилев облысы Шклов ауданы) — мемлекет қайраткері, Беларусь Республикасының президенті (1994 жылдан). Могилев қаласындағы педогогикалық институтты (1975), Беларусь а. ш. академиясын (1985) бітірген. 1978 — 90 ж. аудан “Білім” қоғамының жауапты хатшысы, “Ударник” ұжымшар басқармасы төрағасының орынбасары, құрылыс комб. директорының орынбасары, Ленин атындағы ұжымшарда партия ұйымының хатшысы, “Городец” кеңшарының директоры қызметтерін атқарды.
Александр Григорьевич Лукашенко белар. Аляксандр Рыгоравіч Лукашэнка | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
20 шілде 1994 жыл | ||||
Ізашары | Лауазымы ұйымдастырылған | |||
| ||||
15 мамыр 1997 жыл | ||||
Ізашары | Владимир Рыженков | |||
| ||||
26 қаңтар 2000 жыл | ||||
Ізашары | Лауазымы ұйымдастырылған | |||
| ||||
15 мамыр 1990 жыл — 20 шілде 1994 жыл | ||||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | КОКП (1979—1991) қазіргі уақытта партиясы жоқ | |||
Діні | православдық атеизм | |||
Дүниеге келуі | 30 тамыз 1954 (1954-08-30) (69 жас) Копысь селосы, Оршан ауданы, Витебск облысы, Беларусь КСР (қазіргі Беларусь), КСРО | |||
Анасы | Екатерина Лукашенко | |||
Жұбайы | Галина Жолнерович | |||
Балалары | Виктор Лукашенко, Дмитрий Лукашенко, Николай Лукашенко | |||
Сайты | www.president.gov.by | |||
Марапаттары | ||||
Александр Григорьевич Лукашенко Ортаққорда | ||||
өңдеу |
1990 ж. БКСР Жоғары Кеңесінің депутаттығына сайланып, жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес комиссиясын басқарды (1993 — 94). 1994 ж. 10 шілдеде Беларусь Республикасының президенті болып сайланды. Ол ТМД елдері басшыларының ішіндегі Кеңестік жүйені сақтап қалуға тырысушы ретінде көзге түсіп отыр. Лукашенко ішкі, сыртқы саясатта елдің тұрақтылығын сақтауға, экономиканы дамытуға үлес қосты.
Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанмен Кедендік Одақ келісіміне қол қою арқылы ТМД елдерімен ынтымақтастық, әріптестік қатынастарды кеңейтуге, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысты. Лукашенко Беларусь пен Қазақстан арасындағы интеграция қатынастардың дами түсуін қолдады. 1997 және 1999 ж. ресми сапармен Қазақстанда болды. Екінші сапары кезінде 1999 — 2008 жылдарды қамтитын эконикалық қатынастар жөніндегі келісімдерге қол қойылды.
Лукашенко Беларусьте авторитарлық режим орнатты (сайлауда әкімшілік ресурстарды пайдалану, режимнің қарсыластарына қарсы қуғын-сүргін, БАҚ бостандығын шектеу және т.б.)[1][2][3][4]
Беларусь және орыстілді қоғамдарда «әке» деген лақап ат бар.