Майк Тайсон
Америкалық боксёр / From Wikipedia, the free encyclopedia
Майкл Джерард «Майк» Тайсон (ағылш. Michael Gerard Mike Tayson; 1966 жылы 30 маусым, Бруклин, Нью-Йорк, АҚШ) − ең ауыр салмақта өз өнерін көрсеткен американдық кәсіпқой-боксшы. Әлемде ең танымал кәсіпқой боксерларының бірі. Аты күллі әлемге әйгілі американдық кәсіпқой боксшы. WBC (1986—1990, 1996), WBA (1987—1990, 1996), IBF (1987—1990), The Ring журналының (1988—1990) чемпионы.
Бұл мақаланы қазақ тіліне аударылуын тексеру қажет. Себебі бұл мақаланы уикипедияшы жазған. Мақаланың қазақшасын дұрыстауға көмек беріңіз. |
Майк Тайсон | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Толық есімі |
Майкл Джерард «Майк» Тайсон |
Лақап аты |
Темір Майк (ағылш. Iron Mike), |
Азаматтығы | |
Туған күні | |
Туған жері | |
Тұрғылықты жері | |
Салмағы |
Ауыр салмақ (90,92 кг-нан жоғары) |
Тұрысы |
оңқай |
Бойы |
178 см |
Қолдың қарқыны |
178 см |
Стилі |
Peek-a-boo |
Рейтингтері | |
Кәсіби карьерасы | |
Алғашқы айқасы |
6 наурыз 1985 |
Соңғы айқасы |
11 маусым 2005 |
Чемпион белдігі | |
Айқастар саны |
58 |
Жеңгендер саны |
50 |
Нокаутпен жеңгені |
44 |
Жеңілгендер саны |
6 |
Тең түскендері |
0 |
Болмағандары |
2 |
Әуесқой карьерасы | |
Айқастар саны |
60 |
Жеңгені |
54 |
Жеңілгені |
6 |
Марапаттар | ||
---|---|---|
Бокс | ||
Жастар арасындағы алғашқы Олимпиада ойындары | ||
Алтын | 1982 | 90 кг жоғары |
Әлем чемпионаты | ||
Алтын | 1987 | 90 кг жоғары |
3 рет сотталған. 1992 жылы (зорлау айыбымен 6 жыл бас бостандығынан айырылып, 3 жылын өтеп шыққан), 1998 жылы (көлігімен соқтығысқан адамдарды ұрып соққаны үшін 3 ай бас бостандығынан айрылды), 2008 жылы (есірткі қабылдағаны үшін сонымен қатар есірткі қабылдап алып көлік жүргізгені үшін 1 күн бас бостандығынан айрылды).
8 баланың әкесі. 2009 жылы Майктің 4 жасар қызы қайтыс болады. Ислам дінін ұстанып, араб тілінде Малик Абдул Азиз деген есім алған. Веган.
Iron Mike Promotions компаниясының негізін қалаушы. Тайсон өзінің боксерлік шеберлігімен қоса, актерлік өнерімен де танымал. Автобиографиялық «Тайсон» фильміне (1995) сценарий жазуға көмектескен, және екі деректі фильмге «По ту сторону славы» (2003) және «Майк Тайсон» (2009) түскен. Майк Тайсон, Тайсон деген фильмдерде басты рөлді сомдаған.