From Wikipedia, the free encyclopedia
Маморе — Оңтүстік Америкадағы өзен. Шығыс Кордильера тауларынан басталып, Боливия — Бразилия шекарасының бойымен ағады. Ұзындығы 2300 км, су жинайтын алабы 620 мың км². Су деңгейінің көтерілуі Гуапоре өзенімен қосылар жерінде 8 м-ге жетеді. Бастауы жартасты, сағасы кең жайылма. Бени өзені қосылған жерден бастап Мадейра өзені деп аталады. Жылдық орташа су ағымы 8100 м³/с. Ақпан, сәуір айларында жауын-шашын есебінен тасиды. Жазық жеріндегі ағысында кеме қатынасы жолға қойылған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.