Мамыргүл немесе Бөртегүл (лат. Syringa) – зәйтүндер тұқымдасына жататын бұталар тегі. Текте әр түрлі мәлімет бойынша 22-36 түр кіреді. Олардың барлығы жабайы түрінде Еуразия түрлі аймақтарының таулы аудандарында өседі. Мамыргүлдің 2300-ден астам мәдени сорттары бар, олар Кәдімгі мамыргүл (лат. Syrínga vulgáris) түрінен алынған. Сорттары бұталар гүлденуі, биіктігі мен әдеті мерзімдері, гүл түсі, пішіні мен мөлшері және т.б. бойынша ерекшеленеді .

Quick Facts Мамыргүл, Ғылыми топтастыруы ...
Мамыргүл
Thumb
Syringa vulgaris
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Lamiales
Тұқымдасы: Зәйтүн тұқымдасы
Тайпасы: Oleeae
Тегі: Syringa
L.
Синонимдері
  • Lilac Mill.
  • Liliacum Renault
  • Busbeckia Hécart, nom. inval.
  • Ligustrina Rupr.
Close

Қазақстанда қалаларда, саябақтарда, бақшаларда және демалыс орындарында кәдімгі әсемдік үшін өсіріледі. Биіктігі 2-8 м.-дей, жасыл түсті жас өскіндері безді, бір жылдық бұтақтары сұр түсті. Бүтін жиекті жалаң жапырақтары сопақша жұмыртқа тәрізді, қарама-қарсы орналасқан, ұзындығы 5-10 см, ені 4-7 см. Сыпыртқы гүлшоғыры төбе жағына қарай бүйір, кейде соңғы бүршіктерінде орналасады. Ұзындығы 1,5-2 мм болатын 4 тісшелі тостағаншасы конус тәрізді, тісшелері үшбұрышты әрі өте қысқа, тісшелерініің арасындағы ойықтары доға тәрізді. Гүлі ұсақ, жұпар тәрізді. Күлтесі көкшіл немесе ақшыл түсті, ұзындығы 1 см-дей болатын түтікшесі бар. Аталығы 2, жатыны қос үйлі. Сопақша келген төрт қырлы қоңыр түсті қауашағы қос жармалы, сырты тегіс әрі жылтыр, ұзындығы 1-1,5 см. Тұқымы қабысыңқы, сыртында жарғақты жіңішке айдаршалары бар. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жеміс береді. Гүлінің құрамында эфир майы мен глюкозид және тер шығаратын, ауруды басатын қасиеті бар. Гүлінің тұнбасын көкжөтелге және бүйрек ауруларына қолданады. Жапырағын жаралардың іріңін шығару үшін пайдаланады және халық медицинасында өкпе туберкулезін емдеуге қолданылатын шөптер қосындысының құрамына енеді. [1]

Күтімі

Ашық күнді сүйеді, алакөлеңкелі жерде де жақсы өсіп, ұзақ гүлдейді. Гүлдеп болған соң қураған гүлшоғырларын уақыт өткізбей кесіп тастау керек. Себебі, бөртегүлдің гүлдеген бұталары келесі жылы гүл жармайды. Гүлдеп біткен соң гүлсабағымен қатар әлсіз бұталарын да түбінен кесіп алып тастау керек. Топырақ талғамайды, әкті жерде де өсе береді. Мамыр, маусым айларында топырағын құрғатып жібермей суғарып отырса, гүлді мол береді.

Көбейтілуі

Бөртегүл жыл сайын тамырынан бірнеше жас өскін шығарады. Осы өскінді түбінен бөліп алып, оған жақсы сұрыпты қалемшені жалғау арқылы көбейтуге болады. Жаз айларында көлеңке жерде, күзде ашық алаңда қалемшелеп көбейткен жөн[2] .

Дереккөздер

Сілтемелер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.