Мария Кюри
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мария Саломеа Склодовская-Кюри (фр. Marie Curie, пол. Maria Salomea Skłodowska-Curie: 7.11.1867, Варшава — 4.7.1934, Франция, Жоғары Савойя департаменті, Сансельмо) — физик және химик, физика ғылымдарының докторы (1903), профессор, КСРО ғылым академиясының құрметті мүшесі (1926). 1895 ж. Париж университетін бітірген соң француз физигі П.Кюримен тұрмыс құрды. Склодовская-Кюри күйеуінің лабораториясында алғашқы жұмыстарын жүргізіп, 1906 ж. ол қайтыс болған соң кафедрасын басқарды. Склодовская-Кюри Париж университетінде профессор болып сайланған алғашқы әйел адам. 1914 — 23 ж. Париждегі Радий университетінде физика-химия бөлімін басқарды. 1923 жылдан Варшавадағы өзі ұйымдастырған Радий институтының құрметті директоры болды. Склодовская-Кюри радиоактивтілік құбылыс жөнінде жазылған негізгі ғылыми еңбектердің авторы. “Радиоактивті заттарды зерттеу” тақырыбына докторлық диссертация қорғады (1903). Склодовская-Кюридің радиоактивті заттарды зерттеу жөніндегі еңбектері (1897) физика мен химияның жаңа саласының негізіне алынды. 1898 ж. ерлі-зайыпты Кюрилер жаңа химия элемент полоний мен радий элементін ашты. Олар радийдің сәуле шығару сипатының күрделі екендігін анықтап, оның затқа тигізетін әсерлерін зерттеді. Склодовская-Кюри 1902 ж. радийдің таза тұзын, 1910 ж. француз химигі А.Дебьернмен (1874 — 1949) бірге металл радийді алды. Сөйтіп ол радийдің атомдық молекуласын екінші рет үлкен дәлдікпен анықтады. 1911 ж. радий эталонын алғаш рет жасады. Склодовская-Кюри Нобель сыйлығымен екі рет (1903 ж. физика, 1911 ж. химия салалары бойынша) марапатталды.
Мария Склодовская-Кюри | |
Marie Skłodowska-Curie | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Франция, Жоғары Савойя департаменті, Сансельмо |
Ғылыми аясы | |
Альма-матер |
Сорбонна |
Ғылыми жетекші | |
Несімен белгілі |
Радий және Полоний элементтерін ашқан, радиохимияның негіздеушісі |
Марапаттары |
|
1910 ж. Мария Кюри радий химиялық элемент екендiгiн дәлелдеп бередi. Бiрнеше айдан кейiн Швед Корольдiгiнiң Ғылым академиясы химия саласы бойына Мария Кюриге Нобель сыйлығын бередi. Сөйтiп, Мария Кюри алғаш Нобель сыйлығын екi рет иеленген ең бiрiншi лауреат болып танылды. Жиналған тәжірибелерiн ол 1920 ж. «Радиология және соғыс» атты монографиясында жалпылайды.
Мария Кюри 1934 ж. 4 маусымында лейкемия ауруынан қайтыс болады.[1]