Маскарен аралдары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Маскарен аралдары (ағылш. Mascarene Іslands) — Мадагаскар аралының шығысындағы (Үнді мұхитында) аралдар тобы. Ірі 3 аралдар тобынан [[[Реюньон]] (Франция иелігінде), Маврикий және Родригес (Маврикий тәуелсіз мемлекеті)] тұрады. Жанартаулық жыныстардан түзілген. Биікт. 3069 м-ге (Реюньон аралында) дейін жетеді. Климаты тропиктік, пассаттық, ылғалды. Тау беткейлерінде мәңгі жасыл тропиктік ормандар, саванна бар. Қант қамысы, кокос пальмасы, шай, алоэ, кофе өсіріледі.