Мастоциттер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мастоциттер немесе лаброциттер — белсенді биологиялық заттар түзетін әртүрлі ұлпалардың жасушалары.
Дамуы кезінде өте тез жауап беретін негізгі реакцияларға қатысады. Олар — фибробластқа ұқсас, созыңқы келген, көптеген түйіршіктері бар жасушалар. Бұл түйіршіктердің негізгі құрамы — белоктар, гепарин және гистамин, сонымен бірге аз мөлшерде — фосфолипидтер, АТФ, катехоламиндер, протеазалар.
Мастоциттер теріде, айырша безде, лимфоидты ұлпада, жатырда, қуықта, тілде, үлкен және кіші қан тамырларында болады. Онтогенезде физиологиялық процестердің қалыптасуына, микробтар мен паразиттерге қарсы иммунитетте қатынасады. Бұл жасушалар ағзада иммунологиялық тепе-теңдікті сақтау қызметінде және сезімталдық реакциясының баяу түрінің дамуында маңызды роль атқарады.[1]