Матьяш Ракоши
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ракоши (Какозі) Матьяш (9. 3. 1892 – 5. 2. 1971) — венгр саяси қайраткері. Венгр совет республикасы (1919) кезеңінде сауда халық комиссарының орынбасары, қоғамдық өндіріс халық комиссары. 1921—24 ж. Коминтернде жұмыс істеді. Венгрия компартиясының ұйымдарын қайта құруға қатысты 1926 ж. қыркүйегінде ұсталып, ұзақ уақыт түрмеде отырды. 1940 ж. босатылды. Венгрия фашизмнен азат етілгеннен кейін (1945) Ракоши Компартия мен үкіметте бірсыпыра басшы қызметтер атқарды. Бұл қызметтерде жүріп, Ракоши соц. құрылыс ісінде елеулі қателіктер жіберді: жоспарлы тапсырмаларды дәлелсіз артық белгіледі, партия тұрмысының лениндік нормаларын, соц. заңдылықты бұзды. Венгр еңбекшілер партиясы (ВЕП) ОК-нің 1956 ж. шілдедегі шешіміне сәйкес, Ракоши ВЕП ОК-нің 1-секретарьлығы қызметінен босатылып, ВЕП Саяси бюросының құрамынан шығарылды. 1962 ж. тамызда Венгр соц. жұмысшы партиясының ОК-і Ракошиды партиядан шығарды.
Ракоши | |
Ракоши Матьяш | |
![]() | |
Туған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Қайтыс болған күні |
5 қантар 1971 |
Қайтыс болған жері |
Горький, РКФСР, КСРО |
Партиясы |
КПВ ВПТ |
Жұбайы |
Феодора Фёдоровна Корнилова |