Мейіз
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мейіз — қабығы жұқа, сүйегі аз немесе сүйексіз, құрамында 20% жоғары қанты бар жүзімнен кептіріліп дайындалады. Мейіздің құрамында 87,5% -ға жуық қант болады. Мейіз — дәмді жеміс. Оны шырынсу, пудинг, квас дайындауға, сондай-ақ кондитер және ұн тағамдарын пісіруге пайдаланады.[1]
Мейіз жасау үшін құрамында кемінде 20% қапты бар, қабығы жұқа, сүйегі аз немесе сүйексіз жүзім сұрыптары пайдаланылады. Мейіздің құрамында 87,5%-ға жуық қант болады. Жүзім сұрпына, оны өңдеу жолдарына, кептіру тәсіліне қарай мейіз кішміш және мейіз болып екіге бөлінеді. Кішмішті жүзімнің сүйексіз сұрпынан, ал мейізді дәні бар жүзім сұрыптарынан жасайды.[2]