Мексика
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мексика (ис. México [ˈmexiko]), ресми — Мексикалық Біріккен Штаттары (ис. Estados Unidos Mexicanos) — Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитының жағалауларын алып жатыр.
- Жер аумағы 1958,2 мың шаршы километр.
- Халқы 130 698 727 адам.
- Ұлттық құрамы метистер (испандар мен үндістердің некесінен тарағандар) (78%), үндістер (15%) және еуропалықтардан (7%) тұрады.
- Астанасы — Мехико қаласы
- Ресми тілі — испан тілі.
- Халқының басым бөлігі — христиан-католиктер.
- Мексика — федеративтік республика. 1917 жылы 5 ақпанда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Президентті халық 6 жыл мерзімге сайлайды. Жоғары заң шығарушы органы: Сенат (6 жыл мерзімге сайланады) пен Депутаттар палатасынан (3 жыл мерзімге сайланады) құралатын ұлттық конгресс. Жоғары атқарушы органы — Министр Кабинеті ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 16 қыркүйек (1810). Әкімшілік жағынан 31 штат пен федералдық астаналық округке бөлінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымына (1945), Америка мемлекеттері ұйымына (АМҰ) (1948) мүше. Валютасы - Мексика песосы.
Quick Facts Тарихы, Мемлекеттік құрылымы ...
Мексикалық Біріккен Штаттары ис. Estados Unidos Mexicanos | |||||
| |||||
Әнұран: «Himno Nacional Mexicano» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 16 қыркүйек 1810 жыл (Испаниядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | испан тілі (де-факто), Мексиканың байырғы халқының 68 тілі (де-юре) | ||||
Елорда | Мехико | ||||
Ірі қалалары | Мехико, Экатепек-де-Морелос, Гвадалахара, Пуэбла, Сьюдад-Хуарес | ||||
Үкімет түрі | Федеративті президенттік республика | ||||
Президенті | Андрес Мануэль Лопес Обрадор | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 13-ші орын 1 972 550 км² 2,5 | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Тығыздығы |
126 577 691[1] адам (10-шы) 61 адам/км² (142-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
2,575 трлн.[2] $ (11-ші) 20,645[2] $ (64-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
1,199 трлн.[2] $ (16-шы) 9,614[2] $ (69-шы) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,774[3] (жоғары) (74-ші) | ||||
Валютасы | Мексика песосы (MXN, код 103) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .mx | ||||
ISO коды | MX | ||||
ХОК коды | MEX | ||||
Телефон коды | +52 | ||||
Уақыт белдеулері | -6…-8 |
Close