Мозамбик
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мозамбик Республикасы (порт. República de Moçambique [ʁɛˈpublikɐ di musɐ̃ˈbiki]) — Оңтүстік-Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы 801,6 мың км². Астанасы – Мапуту қаласы Халқы – 32 млн. Тұрғындарының 47%-ын макуа-ломве, 23%-ын тсонга, қалған бөлігін малави, шона, яо этн. топ өкілдері құрайды. Ресми тілі – португал тілі, макуа, малави, тсонга, шона, суахили тілдері де кең таралған. Халқының 30%-ы христиандар, 10%-ы мұсылмандар, 60%-ы жергілікті діни сенімдерді ұстанады. Мозамбик әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы Республика ассамблеясы. Жоғары атқарушы органы – үкімет. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 25 маусым (1975). Мозамбик 1975 жылдан БҰҰ-ға, Африка Бірлігі ұйымына (АБҰ) мүше. Ақша бірлігі – метикал.
Мозамбик Республикасы República de Moçambique (порт.) Jamhuri ya MsumbijiҮлгі:Ref-sw | |||||
| |||||
Әнұран: «Pátria Amada» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 25 маусым 1975 жыл (Португалиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | португал тілі | ||||
Елорда | Мапуту | ||||
Ірі қалалары | Мапуту, Матола, Нампула, Бейра | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі |
Филипе Ньюси Адриану Малеяни | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 35-ші орын 801 590 км² 2,2 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2007) • Тығыздығы |
▲ 28 829 476 адам (50-шы) 21 397 000 адам 28,7 адам/км² (178-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2017) • Жан басына шаққанда |
37,386 млрд.[1] $ 1,265[1] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2017) • Жан басына шаққанда |
12,345 млрд.[1] $ 417[1] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,437[2] (төмен) (180-шы) | ||||
Валютасы | метикал | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .mz | ||||
ISO коды | MZ | ||||
ХОК коды | MOZ | ||||
Телефон коды | +258 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+2 және Africa/Maputo |
Мозамбик Африканың оңтүстік-шығысында орналасқан. Солтүстігінде Танзаниямен, батысында Малави, Замбия, Зимбабвемен, оңтүстігінде Эсватини және Оңтүстік Африка Республикасымен, шығысында Үнді теңізімен шектесіп жатыр. Әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Ресми тілі - португал тілі, сондай-ақ жергілікті халықтардың макуа,малави, тсонга, шона, суахили тілдері де кеңінен қолданылады. . Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Республика ассамблеясы. Жоғары атқарушы органы - Үкімет