Молда Мұса Байзақұлы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Молда Мұса, Мұса Байзақұлы (1849, қазіргі Түркістан облысы Түркістан ауданы Шоқтас ауылы – 1932, сонда) – қазақтың халық ақыны.
Жасында араб, парсы, шағатай, түрік тілдеріндегі әдеби шығармалармен танысып, Құлыншақ, Мәделі, Майлықожа, Бұдабай ақындардан тағылым алған. Ақынның хат түрінде жазылған Манат қызбен, Бұдабай ақынмен айтыстары сақталынған. Ол “Сырым қызға”, “Қосай тілмашқа”, “Тышқан мен түйе”, “Ағаш пен маймыл”, “Опасыз жар”, “Сұлу әйел мен молда” секілді көптеген ғибрат өлеңдер, дастандар жазған. Оның шығармашылығы туралы алғаш Ө.Тұрманжанов мақала жариялады (“Әдебиет майданы”, 1935, №8). М.Әуезов Молда Мұсаның ақындығын жоғары бағалап, бір топ өлеңдерін 6-класқа арналған “Әдебиет хрестоматиясына” енгізген (1937).[1][2]