Молукка аралдары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Молукка аралдары (индон. Kepulauan Maluku) — Малайя архипелагының шығыс бөлігіндегі аралдар тобы. Индонезия жерінде, Сулавеси, Жаңа Гвинея аралдарының аралығында орналасқан.
Quick Facts Сипаттамасы, Орналасуы ...
Молукка аралдары индон. Kepulauan Maluku | |
Молукка аралдары ашық жасыл түспен белгіленген | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Аралдар саны | 1027 |
Ірі аралы | Хальмахера |
Жалпы ауданы | 74 505 км² |
Ең биік нүктесі | 3027 м |
Тұрғындар (2010 жыл) | 2 500 000 адам |
Халық тығыздығы | 33,555 адам/км² |
Орналасуы | |
3°09′ о. е. 129°23′ ш. б.3.150° о. е. 129.383° ш. б. / -3.150; 129.383 (G) (O) (Я) (T) | |
Акватория | Тынық мұхит |
Ел | Индонезия |
Молукка аралдары Ортаққорда |
Close
Ірі аралдары — Хальмахера, Серам, Буру. Молукка аралдары таулы (Серам аралындағы Биная тауының биіктігі 3019 м), сейсмикалық ауданға жатады. Вулкандар көп. Қалайы, алтын, мұнай кен орындары бар. Климаты экваторлық, субэкваторлық. Жазық бөлігінде бута, папоротник және аланг-аланг өсімдігі аралас өседі. Шығыс Азия мен Австралияға тән жануарлар түрлері кездеседі. Саго және кокос пальмасы, қалампыр ағашы, мускус жаңғағы, бұрыш өсіріледі. Басты қаласы және порты — Амбон.