![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e8/Mendelian_inheritance_3_1.png/640px-Mendelian_inheritance_3_1.png&w=640&q=50)
Моногибридтік будандастыру
From Wikipedia, the free encyclopedia
Моногибридті будандастыру — бір-бірінен тек 1 ген аллельдері ғана жауап беретін альтернативті белгілер жұбымен өзгешеленетін түрлерді будандастыру.
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e8/Mendelian_inheritance_3_1.png/320px-Mendelian_inheritance_3_1.png)
(1)Доминантты және рецессивті фенотиптерді мұралануды бейнелейтін үлгі. (2)Ата-ананың әрқайсысы доминантты немесе рецессивті белгіге қарасты гомозиготалы. I ұрпақ мүшелерінің барлығы гомозиготалы және бәріне ортақ фенотипқа ие. (3)II ұрпақ фенотипі жағынан доминантты және рецессивті белгілердің сандық ара қатынасы 3:1-ге тең болып өзгергенін көрсетеді II.
Моногибридті будандастыруда зерттелетін моногендік мұралану — пайда болуына басқа түрлері аллель деп аталатын 1 ген жауап беретін белгілерді мұралану.
Қағида бойынша моногибридті будандастыру екі аллель арасындағы қатынастың доминанттылығын анықтау үшін қолданылады. Мысалы, сәйкес келетін белгілер бойынша гомозиготалы 2 өсімдікті будандастырғанда бірі сары тұқымды өсімдік (доминантты белгі), ал екіншісі жасыл тұқымды өсімдік (рецессивті белгі) болса, бірінші ұрпақтан алынған будандардың барлығы сары тұқымды болады, себебі, сары тұқымдардың аллелі жасыл тұқымдардікінен басым.