Моңғолия
Шығыс Азиядағы тәуелсіз мемлекет / From Wikipedia, the free encyclopedia
Моңғолия (моңғ. Монгол Улс — Моңғол елі, ескі моңғолша ) — Орталық Азияның шығыс бөлігінде орналасқан, жиі Шығыс Азияға жатқызылатын тәуелсіз мемлекет. Солтүстігінде Ресеймен, оңтүстік, шығысы мен батысында Қытаймен шектеседі. Моңғолия — мұхитқа шыға алмайтын мемлекеттердің бірі. Жер көлемі 1 564 116 км²-ге жетеді. Жер көлемінің үлкендігі бойынша әлемде 17-ші орында. Астанасы — Ұланбатыр қаласы. Халық саны 3,330,000 адамға жеткен.
Quick Facts Тарихы, Мемлекеттік құрылымы ...
Моңғолия моңғ. Монгол Улс | |||||
| |||||
Әнұран: «Моңғолия ұлттық әнұраны» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Құрылды | 1206 жыл — Моңғол империясы | ||||
Тәуелсіздік күні | 11 шілде 1921 жылы Моңғолия мемлекеті ретінде (Қытай Республикасы) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | моңғол тілі | ||||
Елорда | Ұланбатыр | ||||
Ірі қалалары | Ұланбатыр, Эрдэнэт, Дархан | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі Мемлекеттік Ұлы Хуралдың төрағасы |
Ухнаа ұлы Хүрэлсүх Лувсаннамсрай ұлы Оюун-Эрдэнэ Гомбожавын Занданшатар | ||||
Мемлекеттік діні | зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 18-ші орын 1 566 000 км² 0,67 | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Тығыздығы |
3 256 176[1] адам (134-ші) 1,97 адам/км² (238-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
47 млрд.[2] $ (115-ші) 14,270[2] $ (93-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
13,7 млрд.[2] $ (133-ші) 4,151[2] $ (116-шы) | ||||
АДИ (2017) | ▼ 0,741[3] (жоғары) (92-ші) | ||||
Валютасы | Моңғол тұғрығы (MNT, код 96) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .mn | ||||
ISO коды | MN | ||||
ХОК коды | MGL | ||||
Телефон коды | +976 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC-7:00, UTC-8:00 |
Close
Мемлекеттік тілі – моңғол тілі, жазуы кириллица. Моңғол тілінде халықтың 95%-ы сөйлейді. Қазақтар елдің 4 пайыздан астамын құрайды. Орта мектепте кириллицадан басқа ескі моңғол жазуы оқытылады. Қазақтар көп тұратын Баян-Өлгей аймағында қазақ тілі оқытылады.