![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/3d/Muscogee.jpg/640px-Muscogee.jpg&w=640&q=50)
Мускогтар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мускогтар (ағылш. Creek)— тілдері (муског-нат-чез отбасы) бір-біріне жақын: Крик, Чокто, Чикасо, Семинол, Мобил, На-чез, Аппалач, Тимуква тайпаларының тобы. Мускогтар отарланғанға дейін Солтүстік Американың оңтүстік-шығысында, қазіргі Оңтүстік және Солтүстік Каролина, Джорджия, Алабама, Флорида, Миссисипи штаттарында, біразы Теннесси штатында тұрды. Мускогтар кетпенмен жер өңдеу, аң аулау және терімшілік кәсібімен айналысты. 17—18 ғасырлардан бастап еуропалықтардың егіншілік кәсібі мен мал өсіру үлгісін қабылдады. Испания, Франция, Англия отарлары Мускогтардың ұсақ тайпаларын тонап, жойып жіберді. 1826— 37 ж. Мускогтар оңтүстік-шығыстан батысқа күштеп қоныс аудартты. Негізінен ұсақ қолөнерімен шұғылданады.[3]