From Wikipedia, the free encyclopedia
Мысықтәрізділер (ағылш. Feliformia) – жыртқыштар отрядының бір тұқымдасы.
Қазба қалдықтары жоғ. олигоценнен белгілі. Жер бетінде жақсы таралған, тек Австралияда, Антарктидада, Жаңа Гвинея, Мадагаскар, Сулавеси, Гренландия, т.б. аралдарда кездеспейді. Мысықтәрізділердің 4 туысы 36 түрі бар. Қазақстанда 3 туысының (мысық, барыс, қабылан) 8 түрі мекендейді. Мысық туысына 6 түр жатады. Бұлардың дене бітімі ықшам, алдыңғы аяқтары 5, артқы аяқтары 4 саусақты, тырнақтары жиырылғыш болып келеді. Дене тұрқы 40 – 105 см-дей, салм. 2,5 – 24 кг. Құйрығы көпшілік түрінде ұзын, түгі тықыр, қалың әрі жұмсақ, көпшілігі теңбіл де жолақ болады. Тек етпен қоректенеді. өсақ түрлері жыл сайын 5 – 6 (тек үй мысығы бұдан жиі), ірілері 2 – 4 ұрпақ (жылда емес) әкеледі. Мысық туысының 3 түрі (қарақал, сабаншы, шағыл мысығы) бар.
1 түр тармағы қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Мысықтәрізділер терісі үшін ауланады. Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін де түрлері бар.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.