From Wikipedia, the free encyclopedia
Мықи – қаршыға тұқымдасына жататын құс. Жиі кездесетіні кәдімгі мықи (Accipiter badіus).
Мықи | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Accipiter badius |
Ол Қаратал, Іле, Сырдария, Қаратау өңірлеріндегі орманды, тоғайлы жерлерді мекендейді. Дене тұрқы 30 – 38 см, қанатының ұзындығы 18 – 23 см, салмағы 190 – 270 г. Арқасы қоңыр қошқыл, бауыры ақ, қоңыр жолақты. Кәдімгі мықи – жыл құсы, ерте көктемде ұшып келіп, ағаш басына ұя салады. Жыныстық жағынан 1 жасында жетіледі. Ұясына 3 – 4 жұмыртқа салып, оны мекиендері 33 – 35 күндей шайқайды. Мықи қорегін ашық алаңқай жерлерден аулайды. Ұсақ кесірткелермен, кемірушілермен, ірі жәндіктермен (инелік, шегіртке, құмырсқа, тағы басқа) қоректенеді. Зиянды кемірушілерді жеп ауыл шаруашылығына едәуір пайда келтіреді. Мықи – тіршілігі аз зерттелген құс.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.