Мэрлердің уағдаластығы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мэрлердің уағдаластығы [1] — Еуропалық Одақ жасаған маңызды бастама. Оған қуатты үнемдеуге және аумақтарында қалпына келетін қуат көздерін пайдалануға ерікті түрде келісетін жергілікті және аймақтық билік органдары қатысады. Келісуі арқылы, уағдаластыққа қол қойған тараптар 2020 жылға дейін көмірқышқыл газ шығарындыларын кемінде 20%-ға азайтуды көздейді, осылайша жасыл экономикалық өсу мен өмір сапасын жақсартуға үлес қосады.
Бұл мақаланың бейтараптығын тексеру қажет. Пікірталас барысын талқылау бетінде қараңыз. Бұл хабарды талқылау шешілгенше дейін аластамаңыз. |
Мэрлердің уағдаластығын бастапқыда 2008 жылы Еуропа Комиссиясы жергілікті органдардың ЕО климат және қуатқа қатысты мақсаттарын дамыту және жүзеге асырудағы күш салуын қолдау үшін құрған.[2] Кейінірек оның әдісі ЕО шекараларынан тыс қайталана бастады. Аргентина немесе Жаңа Зеландия сияқты алыстағы жаңа қол қойған тараптар қосылды.
Бірегей сипаттамаларының арқасында — жергілікті, аймақтық және ұлттық акторларды қуат және климатқа қатысты мақсаттарды жүзеге асыруға жұмылдыратын жалғыз қозғалыс бола отырып — Еуропалық Одақ мэрлердің уағдаластығын көп деңгейлік басқарудың ерекше үлгісі ретінде сипаттайды.