Мұздық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мұздық— ұзақ уақыттар бойына сақталатын ұдайы қозғалыстарда болатын негізінен жауын-шашындар, әсіресе қар есебінен қалыптасатын ірі мөлшерлі кристалды мұз жинағы; таулы өлкелерде, қарлы деңгейден жоғары аймақтарда қалыптасқан М. өз салмағымен төмен қарай жылжи отырып, қарлы деңгейден төмен аймақтарда абляцияға ұшырайды.[1] Мұздық - ауқымды су қоймасы. Достастықтағы мұздықтардың мұз массасының өзi 7 мың текше шақырым су құрайды екен. Бұл бұрынғы Кеңес Одағы территориясының өн бойын шарлаған өзендердiң төрт жылғы ағын суы. Ал осы мұздықтар ерiген күнде Әлемдiк мұхит атаулы 5 сантиметрге көтерiледi.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Мұздықтар - ғажайып тiршiлiк, мәселен, бiр қарағанда мұздықтар жылжиды дегенге сену қиын-ақ. Соның әсерi ме, ұзақ жылдар бойына бұл жағдайға онша мән берiлмей келедi.