Мәңгілік қозғалтқыш
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мәңгілік қозғалтқыш[1], перпетуум мобиле (латынша perpetuum mobіle — мәңгі қозғалыс) — бір қозғалтып жібергеннен кейін, сырттан энергия алмай-ақ шексіз ұзақ уақыт жұмыс істейтін (1-текті Мәңгілік қозғалтқыш деп аталатын) қиялдан туған қозғалтқыш. Мәңгілік қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі энергияның айналу және сақталу заңына қайшы келеді. Мұндай қозғалтқыштың жұмысы— энергияның жоқтан пайда болуымен барабар.