Наполеон Бонапарт
Франция императоры, атақты қолбасшы және мемлекеттік қайраткер / From Wikipedia, the free encyclopedia
Наполеон I Бонапарт (фр. Napoléon Bonaparte [napɔleɔ̃ bɔnapaʁt], итал. Napoleone Buonaparte, Корсика диалекті — Napulione Buonaparte; 17 тамыз 1769(17690817)[1][2][3], Аяччо, Корсика — 5 мамыр 1821[1][2][4], Әулие Елена аралы) — француз мемлекеттік, саяси және әскери қайраткері; 1804—1814 және 1815 жылдардағы Француз императоры (фр. Empereur des Français), француз мемлекетінің негізін құрған саясаткер, Батыс әлеміндегі ең ықпалды тұлғалардың бірі.[5]