Нарық капитализациясы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Нарық капитализациясы

Нарық сыйымдылығы — сатып алушылардың төлем қабілеті бар сұранысының жиынтығы. Тұтыну заттары мен қызметтерінің нарық сыйымдылығы негізінен халықтың төлем қабілеті бар сұранысымен, яғни тұтынушылардың аманат ақысын шегеріп тастағаннан кейінгі ақшалай табысының мөлшерімен сипатталады. Өндіріс құрал-жабдығының нарық сыйымдылығы халық шаруашылығының еңбек заттарымен еңбек құрал-жабдығына деген қажеттеріне байланысты. Халық тұтыну тауарларының нарық сыйымдылығы қоғамды қажеттердің дамуына сәйкес өзгеріп отырады. КСРО-да тұтыну тауарларының нарық сыйымдылығы үздіксіз өсіп келеді. Бұл халық қажеттерінің үнемі артуына, сондай-ақ жалақы мен халықтың ақшалай табысының өсуіне байланысты тұтыну тауарларының нарығы құрлымдық жағынан да өзгеріске ұшырады. Халық табысы өскен сайын, бұның азық-түлік емес тауарларға деген сұранысы біршама тез өседі, ал азық-түлік тауарларының нарық сыйымдылығы баяуырақ жүреді. Табыс мөлшері белгілі бір дәрежеге жеткеннен кейін халықтың азық-түлік тауарларына сұранысы тұрақтанады. Әлеуметтік шаруашылықта үздіксіз ұлғайып отырған қоғамдық өндіріс жағдайында тек тұтыну тауарларын ғана емес, сондай-ақ өндіріс құрал жабдықтарын да нарық сыйымдылығын зерттеудің маңызы зор.

Сілтеме

  • Алматы-кітап, 1997 жыл, 9-том
Thumb

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.