Наска сызықтары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Наска сызықтары — ежелгі Наска мәдениеті кезінде жерді ойып, таяз жыралар арқылы жасалған алып геоглифтер жиынтығы болып, Перудің оңтүстік жағалауындағы Наска шөлінде орналасқан. Кейбіреуі нақты пішінді білдіретін жерге ойылған бұл белгілер б.з.д. 5-ші ғасыр мен б.з. 5-ші ғасыры аралығында жасалған деп есептелгенімен, аталған нысандардың жасалуы мен мақсаты әлі де зерттеушілер үшін жұмбақ болып келеді.[1]
![]() | |
---|---|
(ағылш.) Nazca Lines* | |
![]() | |
«Жарғанат адам» ретінде белгілі антропоморфты дәу (ғарышкер деп есептейтіндер де бар). | |
Ел | Наска шөлі, ![]() |
Түрі | Мәдени |
Критериялар | i, iii, iv |
Сілтеме | [Наска сызықтары 700] |
Аймақ** | 75,358.47ге |
Координаттар | 14°43′ о. е. 75°08′ б. б.14.717° о. е. 75.133° б. б. / -14.717; -75.133 (G) (O) (Я) |
Қосылуы | 1994 (18-сессия) |
Кеңейуі | ![]() |
Картадағы Наска Сызықтары | |
* Атауы ағыл. ресми тізімінде ** ЮНЕСКО-ның классификациясы бойынша аймақ |
Наскадағы көптеген сызықтар ландшафтардан оңды-солды түп-түзу кесіп өтеді, дегенмен қисық және доға сызықтардан тұратын жануар және өсімдік секілді тұлғаларды бейнелеген нұсқалары да бар. Тұлғаларды бейнелеген геоглифтердің ұзындығы 0.4км-ден 1.1км аралығында. Барлық желілердің жалпы ұзындығы 1300 км-ден асады, ал топтық қамту аумағы шамамен 50км2. Сызықтардың орташа тереңдігі 10-15см шамасында. Олар жер бетіндегі темір оксидімен қапталған қызғылт-қоңыр малта тастарды алып тастап, астындағы сарғыш сұры топырақты ашу арқылы жасалған.[2] Сызықтардың ені айтарлықтай өзгереді, бірақ жартысынан көбінің ені үштен бір метрден сәл асады. Кей жерлерінде сызықтардың ені тек 30.5см болса, ал кей жерлерінде 1.8м.[3][4]
Наска сызықтарының үш түрі бар: түзу сызықтар, геометриялық конструкциялар және суретті бейнелер. Латын Америкасының Перу жағалауындағы жазықта 800-ден астам түзу сызық бар, олардың кейбіреулері 48км-ге дейін созылып жатыр. Сонымен қатар, 300-ден астам геометриялық конструкциялар бар, олар үшбұрыш, тіктөртбұрыш және трапеция тәрізді негізгі пішіндерді, сондай-ақ спиральдарды, жебелерді, зиг-загтарды және толқынды сызықтарды қамтиды.
Наска сызықтарының кейбіреулері ауадан қарағанда нақты пішін болып көрінеді, олар қоршаған тау бөктерінен, немесе басқа биік жерлерден көрінеді. Наска сызықтарында шамамен 70 шақты жануарлар мен өсімдіктер бейнеленген. Олар колибри, өрмекші, балықтар, бүркіт, құтан, маймыл, кесіртке, ит және адамның зооморфтық дизайны қатарлылар. Бұдан басқа ағаштар мен гүлдердің пішіні де бар. [5][6][7] Пішіндер әдетте үздіксіз сызықпен жасалады. Олардың ең үлкенінің ұзындығы шамамен 370м.[8] Наска сызықтары сонымен бірге адамтектес фигура («Ғарышкер» лақап атымен), қолдар және кейбір белгісіз бейнелер сияқты басқа нысандарды қамтиды. Өңір оқшау орналасқандықтан және үстірттің құрғақ, желсіз, тұрақты климаты себепті осынау сызық желілері табиғи түрде сақталған. Ауа-райының өте сирек өзгеруі жалпы дизайнға аздап өзгеріс әкелген. Дегенмен, 2012 жылдан бастап қоныстанушылардың артуынан сызықтар бұзыла бастады делінеді.[9]
Ғалымдар бұл конструкциялардың мақсатын түсіндіруде әр түрлі жорамалдар айтады, дегенмен олардағы ортақ пікір бұл белгілердің діни мәнге ие екендігі.[10][11][12][13] Насқа сызықтарын 1994 жылы ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне ендірді.