Неміс тілі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Неміс тілі (нем. Deutsch, deutsche Sprache) — неміс халқының тілі. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тобына жатады. Неміс тілінің тарихын көне жоғары (8 – 11 ғ-лар), орта жоғары (12 – 13 ғ-лар), ертедегі жаңа жоғары (14 – 16 ғ-лар) дәуір деп үшке бөледі. Германияда, Аустрияда, Лихтенштейнде, Швейцарияда, Люксембургте қолданысқа енген тіл. Германияда, Аустрияда, Лихтенштейнде мемлекеттік тіл болып саналады Ал Швейцарияда, Люксембургте және Бельгияда кейбір аймақтары үшін ресми тіл болып саналады. Неміс тілі ағылшын және голланд тілдеріне туыстық қатынастары бар. Неміс тілі әлемдегі негізгі тілдердің бірі және Еуропа Одағындағы ана тілі ретінде ең көп сөйленетін тіл. Кейбір есептемелер бойынша бұл тілді ана тілі ретінде 87 [1][2] миллион адам қолданады.