Неофашизм
From Wikipedia, the free encyclopedia
Неофашизм[1] – 2-дүниежүзілік соғыстан кейін таратылған фашистік ұйымдардың саяси және идеялық бағытын жалғастырушы қазіргі заманғы оңшыл-радикалдық қозғалыс.
Азия мен Африкада отарлық жүйенің ыдырауына байланысты Батыс Еуропадағы бұрынғы метрополияларға отар елдерден иммигранттар ағылды. Олардың көбеюіне байланысты Еуропада 1960 – 1980 жылдары оңшыл-радикал бағыттағы ұйымдар көптеп құрылып, Неофашизм күшейді. 1991 жылы КСРО тарағаннан кейін халық тұрмысының күрт нашарлауы, жұмыссыздық және Кавказ бен Орталық Азиядағы ұлтаралық жанжалдар нәтижесінде Ресейде де “орыс ұлтының” мүддесін бәрінен жоғары қоятын радикал партиялар мен қозғалыстар тез күшейе бастады. Неофашизмге қоғамның демократиялануы және қатал заңға бағынуы ғана тосқауыл бола алады.[2]