Низам әл-Мүлік
From Wikipedia, the free encyclopedia
Низам әл-Мүлік, Әбу Әли әл-Хасан ибн Әли ибн Исхак ат-Туси (Қазан, 1017/18, Хорасан, Тус қаласы – 14.10.1092, Нехавенд маңы) – орта ғасырдағы саяси қайраткер, ғалым. Салжұқ мемлекетінде 1063 жылдан Алп Арсланның, 1072 жылдан Мәлік шахтың уәзірі болған. Бір орталыққа бағындырылған күшті өкіметті жақтаған Низам әл-Мүлік “елде тәртіп орнатушы” атанды. Низам әл-Мүлік Бағдадта діни-заң мектебін ашты. Ол өз көзқарасын “Сиясет-наме” (басқа атауы “Сират ал-мулук”) атты 51 тараудан тұратын еңбегінде баяндаған. Мұнда 11 ғасырдағы Орталық Азия тарихына қатысты маңызды мәліметтер кездеседі. Шығарма парсы, француз, орыс, неміс, ағылшын тілдеріне аударылып, бірнеше рет жарық көрген.[1]
Quick Facts Лауазымы, Селжүк мемлекетінің уәзірі ...
Низам әл-Мүлік парс. ابوعلی حسن پسر علی پسر اسحاق طوسی | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
1063 — 1096 | ||
Өмірбаяны | ||
Діні | ислам | |
Дүниеге келуі | 1018 немесе 1019/1020 Радкан, Тусқа жақын жер | |
Қайтыс болуы | 14 қазан 1092 (1092-10-14) Сахна, Нихавендке жақын жер | |
Туған кездегі есімі | Әбу Әли әл-Хасан ибн Әли ибн Исхак ат-Туси | |
Балалары | Ахмет Фахр әл-Мүлік | |
өңдеу |
Close