From Wikipedia, the free encyclopedia
Николай Иванович Лобачевский (1792-1856) - математик, неевклидтік геометрияның негізін салушы, университеттік және халыққа білім беру саласының қайраткері.
1827 ж. Қазан университет ректоры болып сайланып, 19 жылда оның көркейуіне қол жеткізген. Лобачевский басшылығымен университет қосалқы ғимараттарының: кітапхана, астроном. обсерватория, физика және химия кабабинеті, анатомия лабораториясы, театр, клиника т.б. сияқты кешені салынған.
Лобачевский «Қазан университет ғалымдары жазбаларының» (1834) негізін калады, баспа ісін құрды. Лобдчевский білімнің қоғамдық маңызын атап өтіп, студентті «өздерінің жоғары танымдарымен отанының даңқы мен намысын құрайтын» ғалым азаматтың патриотты идеалына кызықтыруға тырысты.
Лобачевский педагогика-әдістемелік теориясынын негізі - ғылымның тәрбиелік жағына көңіл бөлу, ғылыми білімнің философия негізін, осы білімді берудің оңтайлы педагогика тәсілдері мен жолдарын іздеу. Мектептегі оқыту ісі жүйелі және толық қарастырылатын еңбегі «Гимназиядағы математика мұғалімдеріне кеңес».[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.