Нильс Бор
From Wikipedia, the free encyclopedia
Нильс Хенрик Давид Бор (дат. Niels Henrik David Bohr; 7 қазан 1885 жыл – 18 қараша 1962 жыл) — даниялық ғалым, қазіргі заманғы физиканың негізін салушылардың бірі, Дания корольдік қоғамының мүшесі (1917) және 1919 жылдан оның президенті.
- Копенгаген университетін бітірген (1908).
- 1911 — 12 ж Кембриджде Дж. Дж. Томсонмен, 1912 — 13 ж Манчестерде Э. Резерфордпен бірге ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізді.
- 1916 жылдан Копенгаген ун-тінің профессоры.
- 1920 жылдан өмірінің соңына дейін Копенгагендегі Теориялық физика ин-тын (қазіргі Нильс Бор ин-ты) басқарды.
Нильс Бор | ||
дат. Niels Bohr | ||
1922.ж | ||
Туған күні | ||
---|---|---|
Туған жері | ||
Қайтыс болған күні | ||
Қайтыс болған жері | ||
Азаматтығы | ||
Ғылыми аясы | ||
Жұмыс орны |
Копенгаген университеті | |
Альма-матер |
Копенгаген университеті | |
Ғылыми жетекші |
Кристиан Кристиансен, Джозеф Джон Томсон, Эрнест Резерфорд | |
Атақты шәкірттері |
Хендрик Крамерс, Ишрат Хуссейн Усмани, Лев Ландау | |
Несімен белгілі |
Қазіргі физиканы жасаушылардың бірі, | |
Марапаттары |
Хьюз Медалі (1921.ж) | |
Қолтаңбасы | ||
*1943 ж Данияға фашистердің жаулап алу қатері төнгенде, ол АҚШ-қа кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та алғашқы атом бомбасын жасауға қатысты, кейін оны шығаруға қарсы шықты. Соғыс аяқталған соң Данияға қайта оралды.
Бор — атомның алғашқы кванттық теориясын жасаушы, кванттық механиканың негізін қалаушылардың бірі. Ол Бор қағидалары (постулаттары) деп аталған тұжырымдар негізінде атомның орнықтылығын және сутек тәрізді атомдардың спектрлік заңдылықтарын түсіндірді. Бор теориясы бойынша атомның орнықты (стационар) күйдегі энергиясының үзілісті (дискретті) мәндерге ие болатындығы алынғанымен, электрон шеңбер не эллипс тәрізді орбита бойымен қозғалатын классикалық бөлшек ретінде қарастырылады.
Бұл теорияда Л. де Бройль ашқан микробөлшектердің толқындық қасиеті ескерілмейді. Атом құрылысының және оның ішінде өтетін түрлі процестердің толық теориясы кванттық механика заңдары ашылған соң ғана жасалды. Бор 1923 ж классикалық және кванттық ұғымдар арасындағы сәйкестік принципін ашты. Сол жылы өзі жасаған атом моделі негізінде, алғаш рет Дмитрий Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесіне ғыл. түсініктеме берді. 1927 ж микродүниенің ең маңызды принциптерінің бірі – толықтырғыштық принципін тұжырымдады. Мұның философия ғылымы үшін маңызы зор болды.
Ол құранды ядро теориясының авторы (1936). 1939 ж американ физигі Дж. Уилермен бірге ядроның бөліну механизмін түсіндірді. Уран ядросының өздігінен бөлінуін болжады.20 ғасырдың 40 – 50-жылдары негізінен, элементар бөлшектердің белгілі бір ортамен әсерлесу мәселесін зерттеді. Ол дүние жүзі физиктерінің (Ф.Блох, О.Бор, В.Вайскопф, Х.Казимир, О.Клейн, Х.Крамерс, Л.Д.Ландау, Л.Розенфельд, Дж.Уилер, т.б.) үлкен мектебін ұйымдастырды, олардың арасындағы ғыл. шығармашылық байланысты дамытты.
Бор — Нобель сыйлығының лауреаты (1922), дүние жүзіндегі 20-дан астам ғылым академиясының, оның ішінде КСРО ғылым академиясының (1929) құрметті мүшесі.