Нұрлан Нұғманұлы Қоянбаев
қазақстандық продюсер, тележүргізуші, актёр, әзілкеш / From Wikipedia, the free encyclopedia
Нұрлан Нұғманұлы Қоянбаев (19 шілде 1979, Шиелі, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан) — қазақстандық продюсер, тележүргізуші және актер. «Қазақтар» КВН командасының және «Astana.kz» капитаны, «Respublica» саяси партиясы тең төрағаларының бірі. Qazaqstan телеарнасындағы «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» телешоуының жүргізушісі. «Қазақша бизнес Америкада», «Таиландтағы демалыс», «Қазақша бизнес Африкада», «Қазақша бизнес Кореяда» фильмдерінің және «Үзілмес Үміт» телесериалының бас продюсері және жетекші актері, «Kazteleproduct» кинокомпаниясының негізін қалаушы.