From Wikipedia, the free encyclopedia
Оккупация (лат. occupatіo – басып алу) – халықаралық құқықта бір мемлекеттің аумағын (немесе жерінің бір бөлігін) басқа мемлекеттің (немесе мемлекеттердің) әскер күшімен уақытша басып алуы[1]; бір мемлекеттің қарулы күштерінің басқа мемлекеттің немесе бірнеше мемлекеттердің территориясын уақытша басып алуы және оккупациялаған күштердің әскери әкімшілігі билігін құру.[2]
Әскери оккупацияның тәртібі құрғақтағы соғыстың заңдары туралы 1907 жылғы 4 Гаага конвенциясында, соғыс кезінде бейбіт халықты қорғау туралы 1949 жылғы Женева конвенциясында және басқа да халықар. келісімдерде белгіленген. Әскери оккупация уақытша болады да, басып алынған аумақтың саяси тағдырын өзгерте алмайды және басып алушылар мұндай аумақтың егемендігіне ие болмайды, басқыншы мемлекеттің заң тәртіптері басып алынған аумаққа орнатылмайды. Қазіргі халықаралық құқық нормалары бір мемлекеттің басқа бір мемлекетке заңсыз басып кіруіне жол бермейді.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.