Октавиан Август, лат.Octavianus Augustus[1](б.э. дейінгі 63-ші жыл - б.э.14-ші жыл) - римимператоры, римдік саяси қайраткер, принципат (сенатор), Ұлы понтифик (pontifex - абыздық алқа мүшесі), консул. Август (лат.augere - «игілік беруші» деген мағына) - мәртебелі, текті есім, б.э.дейінгі 27-ші жылы сенат берген есімі. Гай Октавий - туған кезде берілген есімі. Б.э. 44-ші жылдан бастап өкіл әкесінің атына сәйкес Гай Юлий Цезарь Октавиан деген атпен белгілі болған. Октавиан деген атын өзі ешқашан қолданбасада, б.э. дейінгі 44-27-ші жылдар аралығындағы кезеңге ағылшын тарихшылары оны Октавиан («бұрынғы Октавий» деген сөзді білдіреді) деп атауды жөн санаған. Август есімін (грек.тілінде «Севастос») Римнің кейінгі барлық императорлары да алған, бірақ тарихшылар бұл есімді басқалары үшін қолданбаған.
римимператоры, римдік саяси қайраткер, принципат (сенатор), Ұлы понтифик (pontifex - абыздық алқа мүшесі), консул.
Әкесі
Гай Октавий
Анасы
Атия
Жұбайы
Скрибония, Ливия Друзилл
Балалары
Юлия
Close
Октавиан б.э.дейінгі 63-ші жылдың 23 қыркүйегіндеРимде, ата-тегі Лаций облысы, Велитра қаласынан шыққан ауқатты әрі сыйлы, томаға-тұйық отбасында туған. Әкесі Гай Октавий (б.э. дейінгі 58-ші жылы қайтыс болған) әулет ішінде сенатор болған алғашқысы, б.э. дейінгі 61-ші жылы претор (praetor - консулдан кейін жоғарғы сот ісіне басшылық еткен екінші жоғарғы мәртебелі адам) болып, Македонияны ойдағыдай басқарды. Шешесі Атия, атақты Юлий Цезарьдің апайы Юлияның қызы болған, осы туыстық байланыс Октавийдің мансапқа жетуіне ықпалын тигізді. Цезарь өз туыстарының ішінен жас Октавийге ерекше көңіл бөліп, оған үлкен үміт артты; өзінің африкалық триумфтарында Октавийге әскери ерекшеліктері үшін әскери белгі тапсырды, 45-ші жылы өзімен бірге испандық кампанияға алып, патриций (patricius - римдік ақсүйек әулетіне жататын адам) етті және оның понтифик (pontifex - абыздық алқа мүшесі) болып сайлануына ықпал жасады. Өзінде ұл болмағандықтан Цезарь өзінің өсиетінде Октавийді өкіл ұлы екендігін және мүлкінің үштен төрт бөлігінің мұрагері болғанын жариялайды.
Б.э. дейінгі 44-ші жылыЮлий Цезарьді өлтірген кезде, Октавий Иллириядағы (Далмация) Аполлонияда білім алып жатқан, өзінің мұрасын талап ету үшін Италияға келеді, бірақ Цезарьдің ақшасы мен мұрағатын қолына алған цезарлық партия басшысы Марк Антоний Октавийден бас тартады.Октавий жедел Цезарь атын алып, өз атынан Цезарь жеңісінің құрметіне ойын өткізеді (ludi Victoriae Caesaris). Осы уақытта ол Цицеронның ((Cicero) Марк Туллий - римдік саяси қайраткер) көзіне түсуге тырысты, Цицерон болса оны Антонийге қарсы пайдаланып қалуды көздейді. Антоний мен сенаттың арасы ашылған кезде Октавиан өкіл әкесінің армиясының ардагерлерінен 3000 қолды жасырын жинайды және Антонийдің екі легионын (әскери бөлім) өз жағына тартып алады. Сенат Антонийге қарсы соғыс жариялап, Цицеронның ұсынысы бойынша Октавианды сенатор етіп ресми мәртебе (статус) береді және 43-ші жылы сайланған екі консулға (consul) - рим республикасының басшысы) қарсы соғысты басқаруда оған көмек көрсететінін өзіне міндет етіп алады. Антоний Мутин(Модена) түбінде талқандалады, екі консул да қаза табады, сөйтіп Октавиан жеңімпаз армияның қолбасшысы болады.
Б.э. дейінгі 43-ші жылы19 қыркүйекте ол консул болып сайланып, ағасы Квинт Педи екеуі әкесі алдындағы борышын өтеп, оны өлтірген қанішерлерге байланысты проскрипция (proscripcio) туралы заң кіргізеді.
Октавиан, Антоний, Галлияны басқарған Марк Эмили Лепид үшеуі күш біріктіріп, Банонияда (Болонья) кездесіп, жоғарғы билікті бөліп алуға шешім қабылдайды. Сөйтіп, олар 43-ші жылдың27 қарашасынан38-ші жылдың31 желтоқсанына дейін жоғары өкілетті триумвирлер болып жарияланады. Оппозицияны қорқыту және өздерінің сақтықтарын қамтамасыз ету үшін триумвирлер 300 сенаторды және всадники (римдік жоғарғы топтардың мүшесі(eguitatus)) қоғамдық тобынан 2000 адамды проскрипцияға тартты.
Цезарьды өлтірген Марк Юни Брут пен Гай Кассииді талқандау үшін Октавиан мен Антоний Македонияға қарай қозғалады, б.э. дейінгі 42-ші жылыФилипп жанындағы жеңістен кейін Антоний шығыс аймақты өз басқаруына алады, ал Октавиан Италияға қайтып, аяушлықсыз мүлікке тәркілеу жүргізіп, ардагерлерді жер үлестерімен қамтамасыз етеді.
Б.э.дейінгі 41-ші жылы Октавиан Перузиядағы (Перуджа) соғысты басқаруға мәжбүр болды. Онда Анонийдің інісі Луци Антоний бастаған көтерілісті басады.
Өздерінің өкілеттілігі тағы бес жылға созылған триумвирлерПомпей Секстыға (римдік саяси қайраткер, қолбасшы, Гней Помпейдің ұлы) қарсы біріккен қимыл жасау туралы бітімге келеді.
Б.э. дейінгі 36-шы жылы Октавиан мен Лепид Сицилияға біріккен шабуыл ұйымдастырады, онда Октавиан өзі қатты жеңіліске ұшырайды. Таңдаулы әскербасы Марк Випсаний Агриппа тығырықтан құтқарып, Сексті талқандайды.
Б.э. дейінгі 38-шы жылы овацияны (кіші триумф) атап өту үшін Октавиан өзін "император Цезарь, құдай ұлы"деп атап Римге қайтып оралады, басқа сый-құрметтермен қоса плебей трибунасы (tribuncia potestas - Рим халықы атынан бақылау жасайтын сенат қайраткері) қасиетті атағын алады.
Октавиан сонымен бүкіл Батысты, Антоний Шығысты басқарды, екеуі арасында қақтығыс болмай қалмайтыны ақиқат еді.
Октавианның беделі Секстегі жеңістен кейін өсіп, әйгілі болды. Римге дәнді дақылдар тасымалдайтын жолдың қаупсіздігі қамтамасыз етілді. Бірнеше жыл қоғамдық жұмыстармен айналысты.
Б.э. дейінгі 35-33-ші жылдары Иллирияны(Далмация) жаулап алғанда үлкен даңқа бөленді. Бұл кезде Клеопатрамен (Египеттің соңғы патшайымы) қосылған Антоний сәтсіз болған парфяндық (Парфяндықтар б.э.дейінгі 250 ж.) кампаниялармен өз ықпалын жоғалта бастады. Ал Октавианға Италия мен Римнің басшылығына көтерілуге және шығыс патшайымына қарсы шабуыл жасауға мүмкіндік туды.
б.э. дейінгі 31-ші жылы Октавиан Клеопатраға қарсы соғыс жариялап, 2 қыркүйекте Акция (Амбракий шығанағындағы мүйіс) маңындағы шайқаста Антоний мен Клеопатраның біріккен армиясын ойсырата жеңеді. Антоний мен Клеопатра Египетке қашып кетеді.
Б.э. дейінгі 31-ші жылы Октавиан тамаша үш триумфты: Иллирияны (Балкан түбегінің ежелгі аты) жаулап алу, Акция маңындағы және Египетті басып алуды тойлау үшін Римге қайтып оралады.
Август заңдылықтары
Октавианның билігі империяда талассыз еді, бірақ заңдылығы бойынша мәселе туындап отырды.
Б.э. дейінгі 31-ші жылдан бастап Октавиан жыл сайын консулдыққа сайланды, өзіне жоғарғы билікті шектемеуді талап етіп, өкілеттілгін асыра пайдаланды.
Б.Э. дейінгі 28-ші жылы триумвираттағы жарамасыз актілерді жоюмен айналысты, жолдасы, консул Агриппамен санақ жүргізді және сенатты ұнамсыз адамдардан тазартты.
Б.э. дейінгі 27-ші жылы 13 қаңтарда өзіне салтанатты түрде ерекше өкілеттілікті қосты және жыл сайынғы екі консулдықтың біреуін алып тастады.
Б.э. дейінгі 27-ші жылы16 қаңтарда сенат Октавианға алғыс ретінде Август құрметті атағын берді. Октавиан басқаруға көнбейтін провинцияларды басып, тынышталдыру ісін алуға келіседі. Осы мақсатпен ол өте үлкен провициялар Испанияны (Бетик облысын қоспағанда), Галлияны (лат. Gallia - Еворопаның тарихи бөліктерінің бірі), Сирияны, Египетті билеуші болып он жылға тағайындалады, сонымен қатар соғыс жариялау және келісім жасау құзырын алады.
Ақша беттерінде Август Рим халқының еркіндігінің қорғаушысы ретінде белгіленді. Сонымен қатар Иллирия, Македония және Африкадан басқа барлық легиондарды(әскери бөлімдер) бақылау статусы сақталды.
Б.э. дейінгі 27-25-ші жылдарды Август өзі бағындырған Солтүстік-Батыс Испания, Астурия (исп. Asturias) мен Кантабрия(исп. Cantabria) провинцияларында өткізді. Жыл сайынғы консулдыққа сайлану, консул ретінде 27-ші жылы орныққандай болмауы біртіндеп наразылығын тудырды. Б.э. дейінгі 23-ші жылы, екінші консул Авл Теренций Вар Мурен, сенімді серіктесі оны өлтіру үшін қастандық ұйымдастырғанда наразылығы одан сайын үдеп, Юлий Цезарьдің тағдырын қайталамас үшін б.э. дейінгі 23-ші жылы1 шілдеде консулдықтан бас тартады. Ол тек өз провинцияларында ғана (17-ші жылға дейін) проконсул болды, бірақ әскери қолбасшы қызметін жоғалтпады, консулдықтан бас тартқаны үшін өтемақы ретінде басқа да айырықша құқықтарға ие болды.
Б.э. дейінгі 19 жылдан кейін Август кез келген жағдайда өз пікірін мойындатуға болатын заңды құзырға ие болады және плебей трибун ретінде бірқатар заңдар кіргізеді.
Империяны кеңейтуі
Август басып алған Испаниядан басқа солтүстік шекарсын бекітуге күш салды.
Б.э. дейінгі 16-14-ші жылдары Тиберия мен Друз бірінші кезекте альпілік облыстарды - Реция және НориктыДунайға дейін жаулап алды.
Содан кейінгі бес жылда, б.э. дейінгі 13-9-шы жылдары Агриппа және оны алмастырған Тиберия Паннонияны, сол уақытта Рейннен шығысқа қарай қозғалған Друз ГерманияныЭльбаға дейін бағындырады.
Август сөйтіп солтүстік шекарсын Дунайға дейін созады және империяға төрт провинцияны - Рецияны, Норикті, Паннонияны, Мезияны біріктіреді. Бұл провенциялар Иллириямен бірге ол басқарған облыстар қатарына қосылып, оның биліктегі дәрежесі де өседі.
Армиясы
Август империяға қажетті тұрақты армия құрды. Акция маңындағы шайқастан кейін Антоний екеуі құрған үлкен армияның көпшлік бөлігін тарқатты. Ол 28 легионмен (Варадағы жеңілістен кейін оның саны 25-ке қысқарды) қанағат етті, олар тұрақты әскери бөлімшелер болып, көпшілігі ұзақ ғасырлар бойы сақталды.
Б.э. дейінгі 30-шы жылдан бастап әскерге он алты жастан бастап, ал б.э. дейінгі 6-шы жылы - жиырма жастан алуды орнатты.
б.э. дейінгі 30-шы жылдан б.э. дейінгі 6-шы жылға дейін соғыс ардагерлеріне жер үлестерін және жәрдемақы бөліп беріп отырды.
Әскери қазына құрып, оны толтыру үшін сенаттық оппозицияға қарамастан Рим азаматтарынан жаңа салық жинауды орнатты.
Равеннада және Мизенде орналсқан тұрақты флот құрды.
Тағы бір жаңалығы дәстүрлі сақшылар отрядын қайта ұйымдастырып, Римнің айналасына орналастырылған тоғыз когорттан(тоғыз мың жауынгер) тұратын тұрақты бөлімше құрды.
Әлеуметтік және діни саясаты
Август рим халқының діни, адамгершілік және әлеуметтік өміріне реформа жасауға тырысты. Ол қираған, босап қалған храмдарды қайта қалпына келтіртті, әдеттен шығып қалған салттарды қайтарып, жалпы ескі діни нанымдарды қайта жаңғыртты.
Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастарын жақсартуға, бала тууға ынталандыруға көңіл бөліп, осы мақсатта б.э. дейінгі 18-ші жылы - ерлі-зайыптылардың бірі-біріне опасыздық жасауы - қылмыс делініп; үйленбеген және балалары жоқ азаматтарды жазалау керектігі, көп балалы отбасын марапттау керектігі туралы екі заң енгізді.
Б.э. дейінгі 17-ші жылыСекулярлық ойындарды тойлаудың сипатын өзгертіп, жаңа ғасыр бастамасы деп жариялады. Кейінірек екі заң арқылы құлдарды босатуды ретке келтірді.
Август кезінде салынған храмдар, қоғамдық нысандар көптеген сәулетшілер мен мүсіншілер үшін үлгі болып табылды.
Август және оның серіктесі Гай Меценат (Гай Цильний -Императордың жеке тапсырмаларын орындаушы) жаңа дәуірді жырлаған ақындарды жебеп-желеді. Вергилий (Марон Публий, рим ақыны) Римнің шығу тарихын, Гораций (Квинт Гораций Флакк, рим ақыны) дін және адамгершілік туралы, Овидий (Публий Овидий Назон, рим ақыны) өзінің "Фасты"атты римдіктердің діни мейрамдары туралы шығармасында діннің қайта өркендеуін мадақтап жырлады.
Б.э. дейінгі 40-шы жылы Август Скрибониямен некелеседі, б.э. дейінгі 39-шы жылы Юлия есімді қызы туады.
Б.э. дейінгі 38-ші жылы қызының туған күнінде Скрибониямен ажырасып, Ливия Друзиллге үйленеді. Екеуі бақытты да ұзақ өмір сүреді, бірақ балалары болмайды. Жақын туысынан өзінің қарындасы Октавияның ұлы тек Марк Клавдия Марцелл ғана болды. Үйінде әйелі Ливияның бірінші некеден болған екі баласы тұрды. Август Марцеллді Юлияға үйлендіріп, оған лайықты қызмет береді. Бірақ Марцелл қайтыс болып, Юлия Агриппаға тұрмысқа шығады, Гай Цезарь және Луций Цезарь атты екі ұлды болады. Август Гай Цезарьді өзінің өкіл ұлы етіп жариялайды, ол 15 жасында консул болып бес жылға сайланып, жас буынның басшысы қызметін алады. Бірақ Луций б.э. дейінгі 2-ші жылы, ал Гай 4-ші жылы қайтыс болып, Августың үміті үзіліп түңіледі. Август әйелі Ливияның үлкен ұлы Тиберияны ізбасары етіп жариялап, басқару жұмыстарын бірлесіп істейді.
Август өкіл әкесіЮлий Цезарь сияқты кемеңгер болған жоқ, өзін онымен салыстырып, сол үшін қиналды, әйткенмен оның саясатта және басқаруда тамаша қабілеті болды. Қоғамдық пікірлерге таңқаларлықтай сақ болды және оларды қалай алдап-арбаудың да жолын білді. Ол барлық класстар табын, тіпті жоғарғы әулеттің қалдықтарында өзіне көндірді. Республикалық қоғамның білімді топтарына жаңа мемлекет құруды қолдауды құптатқызды. Құрылған мемлекеттік жүйенің үш ғасыр бойы еш өзгерісіз тұруы, Августың еңбегінің маңыздылығын айқындайды.
Август жаңа кезеңі өзінен басталған Рим империясын 44 жыл басқарып, б.э. дейінгі 14-ші жылы19 тамыздаКампания облысындағыНола қаласында қайтыс болған.
Октавиан Август өміріндегі негізгі іс-әрекеттердің хронологиялық кестесі
Августың Ұлы понтифик болып сайлануы; ел әкесі болып жариялануы; Август форумын дәріптеуі; зинақорлық туралы заң бойынша және қастандық жасауға күдікті деп Юлияның жер аударылуы