Оперетта
From Wikipedia, the free encyclopedia
Оперетта (итал. орегеttа – шағын опера) – музыкалық театр жанры. Опереттада вокалдық және аспаптық музыка, би, балет және эстрадалық өнедің элементтері ұштастырылады. Сюжеті операға қарағанда жеңіл, көбінесе көңілді оқиғаға құрылады. Опереттада вокалды және хореографиялық элементтер оқиғаның дамуын, шығарманың идеялық-көркемдік тұрғыдан ашылуын негізге ала отырып, драматургиялық тұтастықты құрайды.[1]