Орталық аймақ (Рио-де-Жанейро)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Орталық аймақ (порт. Centro) қаланың негізгі тарихи және қаржылық орталығы.

Аймақтың көрнекті жерлері: елді португал отарлауы кезінде басқарушылардың резиденциясы ретінде салынған Патшалық сарай (Paço Imperial), Канделария (бұрынғы собор), Сан-Хосе, Санта-Люсия, Носа-Сеньора-ду Карму, Санта-Рита, Сан-Франциско де Паула шіркеулері және Санто-Антонио мен Сан-Бенто монастырьлары. Сонымен қатар, Орталықта Рио-де-Жанейро соборы орналасқан. Синеландия алаңының айналасында Муниципалды театр мен Ұлттық кітапхана сияқты Керемет заманның бірнеше ескерткіштер орналасқан. Мұнда бірнеше мұражайлар бар: Ұлттық бейнелеу өнері мұражайы (Museu Nacional de Belas Artes) және Ұлттық тарих мұражайы (Museu Histórico Nacional) олардың ішіндегі ең маңыздысы. Рио орталығындағы басқа да танымал орындардың бірі, 18-ғасырдағы қоғамдық саябақ, Қоғамдық саяжай (Passeio Público) бар. Ескі қаладағы біраз құрылыстарды қирату нәтижесінде сәйкесінше 1906 және 1942 жылдары салынған Риу-Бранко (Avenida Rio Branco) және Варгас (Avenida Vargas) даңғылдары ауданның негізгі көшелері болып табылады. Сонымен қатар қалада жаяу жүргіншілерге арналған Руа до Оувидор (Rua do Ouvidor), Уругуайана (Uruguayana) және Саара (Saara, сауда-саттық орталығы) көшелері бар.


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.