Оттегі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Оттегі, кейде оттек (лат. oxygenium – қышқылды тудыратын; O) — элементтердің периодты жүйесінің VI-тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі 8, атом массасы 15,999. Оттегі – химияның ең маңызды элементі және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді. Оттегісіз біз бірнеше минут қана өмір сүре аламыз.
| |||||||||||||||
Жай заттың сыртқы бейнесі | |||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
түссіз сұйық және қатты: бозғылт көк Сұйық оттегі
| |||||||||||||||
Атом қасиеті | |||||||||||||||
Атауы, символ, нөмірі |
Оттегі, 8 | ||||||||||||||
Топ типі |
Басқа бейметалдар | ||||||||||||||
Топ, период, блок |
16, 2, p | ||||||||||||||
Атомдық масса (молярлық масса) | |||||||||||||||
Электрондық конфигурация |
[He] 2s2 2p4 | ||||||||||||||
Атом радиусы |
60 (48) пм | ||||||||||||||
Химиялық қасиеттері | |||||||||||||||
Ковалентті радиус |
73 пм | ||||||||||||||
Ван-дер-Ваальс радиусы |
152 пм | ||||||||||||||
Электртерістілігі |
3,44 (Полинг шкаласы) | ||||||||||||||
Электродты потенциал |
0 | ||||||||||||||
Тотығу дәрежелері |
-2, пероксидтер / -1, –½, –⅓, 0,½, + 1, +2 | ||||||||||||||
Иондалу энергиясы |
1-ші: 1313,1 (13,61) кДж/моль (эВ)
| ||||||||||||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||||||||||||
Термодинамикалық фаза | |||||||||||||||
Тығыздық (қ.ж.) |
0,00142897 г/см³ | ||||||||||||||
Балқу температурасы |
54,8 К (-218,35 °C) | ||||||||||||||
Қайнау температурасы |
90,19 К (-182,96 °C) | ||||||||||||||
Балқу жылуы |
0,444 кДж/моль | ||||||||||||||
Булану жылуы |
3,4099 кДж/моль | ||||||||||||||
| |||||||||||||||
Жай заттың кристаллдық торы | |||||||||||||||
Тор құрылымы |
моноклиндік | ||||||||||||||
Тор параметрлері |
a=5,403 b=3,429 c=5,086 β=135,53 Å | ||||||||||||||
Дебай температурасы |
155 K | ||||||||||||||
Басқа да қасиеттері | |||||||||||||||
Жылуөткізгіштік |
(300 K) 0,027 Вт/(м·К) | ||||||||||||||
CAS нөмірі |
7782-44-7 |
Жасушалар мен талшықтар өмір тіршілігіне қажетті өздеріндегі энергияны босата отырып, органикалық заттарды тотықтыру үшін оттегіні пайдаланады. Оттегінің физиологиялық әсері өте көп қырлы, алайда, оның емдік әсерінде маңызды рөлді ағза талшықтардағы оттегі жетіспеушілігін орнына қайта келтіру қабілеті атқарады.
Адам ағзасының барлық мүшелері мен талшықтары қалыпты жұмыс істеуі үшін біздің айналамыздағы ауаның құрамында кем дегенде 21% таза оттегі болуы керек. Үлкен қала – бұл өте жылдам өмір ырғағы (біз күн сайын энергия жоғалтамыз), газдалған ауа (созылмалы гипоксия)! Ірі мегаполис тұрғындарының оттегіне мұқтаждықтары орасан зор. Экологиялық ахуалдың жалпы деңгейде нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшері кейде 10-12%-дан артпауына алып келді. Осының салдарынан гипоксия (оттегі жетіспеушілігі) туындайды.