From Wikipedia, the free encyclopedia
Оңтүстік Тарава (ағылш. South Tarawa) немесе Теинаинано қалалық кеңесі (ағылш. Teinainano Urban Council) — микронезиялық Кирибати мемлекетінің ресми астанасы, Тарава атоллында орналасқан. Халық саны — 50 182 адам (2010 жыл)[1]. Халық тығыздығы — 3184,14 км²/адам. Аумағы — 15,76 км²[2].
Қала | |
Оңтүстік Тарава | |
ағылш. South Tarawa | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Астана |
Аймағы | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
1°24′ с. е. 172°58′ ш. б.1.400° с. е. 172.967° ш. б. (G) (O) (Я) |
Жер аумағы |
15,76 км² |
Орталығының биiктігі |
3 м |
Уақыт белдеуі |
UTC+13 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
50 182 адам (2010) |
Тығыздығы |
3184,14 адам/км² |
Оңтүстік Тарава шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Оңтүстік Тарава |
Оңтүстік Тарава елдің әртүрлі мемлекеттік мекемелері және негізгі кәсіпорындары орналасқан төрт қалалық муниципалитеттен тұрады: Бетио (ағылш. Betio), Баирики (ағылш. Bairiki), Бонрики (ағылш. Bonriki), Бикенибеу (ағылш. Bikenibeu) (олардың барлығы бір аттас аралдарда орналасқан)[3].
Бетиода, елдің басты порты, атоллдың басты электр стансасы, бірнеше үкімет мекемелері, Теңіз институты (ағылш. The Maritime Training Institute) және бірнеше сауда мекемелері орналасқан.
Бетио аралынан 3 км қашықтықта ораласқан Баирики аралында елдің басты үкімет мекемелері, соның ішінде президент резиденциясы, парламент, бірқатар министрліктер, Кирибатидің Ұлттық соты, пошта, телебайланыс мекемелерінің орталық кеңселері және қалалық базар орналасқан.
Бонрики муниципалитетінде Оңтүстік Таравадағы 60 орынға шақталған ең ірі қонақ үй, білім министрлігі, мұғалімдерді дайындау орталығы (ағылш. The Teachers Training College), ұлттық аурухана орналасқан.
Бонрикиден 5-7 км қашықтықта жатқан Бикенибеу аралында әуежай, Табиғи ресурстар министрлігі орналасқан.
Бонрики және Бетио көптеген бөгеттермен бірлескен.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.