Пайым
From Wikipedia, the free encyclopedia
Пайым (ағылш. Reason, лат. ratio) — ақиқатты тану мақсатында белгілі, немесе байқалған ақпараттардан логикалы түрде ойқорытынды жасайтын жоғары сана қабілеті.[[1][2] Ол философия, ғылым, тіл, математика және өнер секілді адамға тән белсенділіктерге тығыз байланысты болып, әдетте ол адамзатты өзге түрлер мен құбылыстардан даралаған ерекше қабілет саналады.[3] Пайым әдетте пайымдылық (рационалдылық) ретінде де көрінеді.[4]
Пайымдау (Reasoning) ойлау және таным әрекеттерімен байланысты және адамның өз интеллект қабілетін пайдалануын қамтиды. Логика саласы адамның формалды пайымдау арқылы логикалық жарамды аргумент шығарудың ресіми жолдарын зерттейді.[5] Пайымдау логикалық пайымдау формаларына бөлінеді, мысалы: дедуктивті пайымдау, индуктивті пайымдау және абдуктивті пайымдау. Аристотель логикалық дискурсивті пайымдау (үйлесімді пайым) және интуитивті пайымдау[6] арасындағы айырмашылықты анықтады, кейінгісінде пайымдау барысы интуиция арқылы орындалады, онда пайымдау жарамды болған күнде де, бәрібір онда жекелік және субъективтілік күңгірттік болады. Кей әлеуметтік және саяси жағдайларда логикалық және интуитивті пайымдау моделдері өзара қақтығысуы мүмкін, ал басқа контексттерде интуиция мен формалды пайым өзара қарсылас емес, бір-бірін толықтырушы болуы мүмкін. Мысалы, математикада интуиция аса қиын формалды пайымдау міндеттерінде формалды дәлелдерге қол жеткізуді көздеген шығармашылық процестері үшін ауадай қажет.
Бейне дағды, не интуиция секілді пайымдау ойлаудың бір идеядан сабақтас идеяға ауысу тәсілдерінің бірі. Мысалы, пайымдау - бұл пайымды (рационалды) тұлғалардың өзін қоршаған ортаның сенсорлық ақпаратын түсіну жолы; немесе себеп, нәтиже, ақиқат, сандырақ, жақсылық пен жамандық ұғымдарына қатысты идеялар секілді абстракт дихотомияларды концептуализациялау құралы. Пайымдау сондай-ақ атқару шешімі делінетін адами қимылды басқару жүйесінің маңызды бөлігі ретінде мақсат, сенім, көзқарас, дәстүр және институттарға сәйкесіп, өзін-өзі саналы түрде өзгерту қабілетімен де тығыз байланысады, сөйтіп еркіндік және өзі-белгілеу (self-determination) мүмкіндігін іске асырады.[7]
Пайымның (reason) дерексіз зат есім ретінде қолдануынан басқа, дәйек, немесе негіз (reason) ретінде де қолданылуы мүмкін. Бұл оқиғаны, феноменді, немесе қылықты (behavior) түсіндіру және негіздеу үшін қажет.[8] Ағылшын тілінде бұл екі мағына бірдей болғанымен, қазақ тілінде Пайым сөзінде бұл екі түрлі мағына бірдей емес, сондықтан қандай сөз қолдану контекстке қарай таңдалады, көбінесе адамның сана қабілеті ретінде "Пайым" (reason) сөзі қолданылса, айырым жағдайда "дәйек", "негіз" (reason) сөзі таңдалуы мүмкін. Пайым (reason) шешімді дәйектейді, табиғи феномендерді түсіндіреді. Сондай-ақ тұлғалық әрекеттің негізі (reason) ретінде де қарастырылуы мүмкін, мысалы: "Адамзаттың бұлай істеуімнің қандай негізі (reason) бар?"
Пайым (reason), немесе пайымдау (reasoning) жақсы, немесе керемет негіздерді (reasons) қамтамасыз ету ретінде де сипатталады. Мысалы, моральдық шешімді бағалаған кезде, "моралдылық, бұл өз әрекеті әсер ететін барлық адамның мүддесіне тең және әділ маңыз бере отырып, қайткен күнде адам қылығын пайымның басқаруына тапсыру, яғни негізі толықты істі істеу".[9]
Психологтар мен когнитивті ғалымдар адамның қалай пайымдайтынын, оған қандай таным және жүйке процестері қатысатынын, мәдени факторлардың адам шығарар қорытындыға қалай әсер ететінін зерттеп түсіндіруге тырысады. Автоматты пайымдау саласы пайымдаудың есептеу әдісімен модельденуін қарастырады. Хайуанат психологиясы адамнан басқа хайуанның пайымдай алуы мәселесін зерттейді.