Панама каналы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Панама каналы — Солтүстік және Оңтүстік Американы бөліп тұратын, халықаралық маңызы зор жасанды су жолы. Құрылысы Орталық Америкадағы Панама мойнағының ойпаңдау жерінде 1904 ж. басталып, 1914 ж. аяқталды, 1920 ж. пайдалануға берілді.
- Жалпы ұзындығы 81,6 км,
- ені 150 – 300 м
- тереңдігі 12,8 – 25,9 м.
Басқа мағыналар үшін Панама (айрық) деген бетті қараңыз.
Панама каналы арқылы жылына 100 млн. т жүк тасымалданып, 14 мың жүк кемесі өтеді. Канал Кариб теңізінің (Кристобаль, Колон) мен Тынық мұхитының (Панама, Бальбоа) порттарын жалғастырады.[1]