Папуа — Жаңа Гвинея
From Wikipedia, the free encyclopedia
Папуа — Жаңа Гвинея (толық атауы — Папуа — Жаңа Гвинея тәуелсіз мемлекеті ағылш. Papua New Guinea [ˈpæpuːə njuː ˈɡɪni] (ˈpɑːpuːə, ˈpæpjuːə), тпи. Papua Niugini, Үлгі:Lang-ho) — Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ел аумағы құрамына Жаңа Гвинея аралының шығыс бөлігі, Бугенвиль және Бука аралдары (Соломон аралдары), Луизиада және Бисмарк архипелагтарының аралдары кіреді. Жер аумағы 462840 км². Халық саны — 5 млн адам (2001). Астанасы – Порт-Морсби қаласы.
Папуа — Жаңа Гвинея тәуелсіз мемлекеті ағылш. Independent State of Papua New Guinea тпи. Independen Stet bilong Papua Niugini Үлгі:Lang-ho | |||||
| |||||
Ұран: «Unity in diversity» «(Алуандылықтағы бірлік)» | |||||
Әнұран: «O Arise All You Sons» «(О, тұрсын ұлдарың)» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 16 қыркүйек 1975 жыл (Аустралиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | ағылшын тілі, ток-писин және хири-моту және ПЖГ ишарат тілі | ||||
Елорда | Порт-Морсби | ||||
Ірі қалалары | Порт-Морсби, Лаэ | ||||
Үкімет түрі | Унитарлы парламентік конституциялық монархия | ||||
Патшасы Генерал-губернаторы Премьер-министрі |
III Чарльз Боб Дадае Джеймс Марапе | ||||
Мемлекеттік діні | зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 54 орын 462 840 км² 2 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2000) • Тығыздығы |
8 084 999 [1] адам (101) 5 190 783 адам 15 адам/км² (201) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды • Жан басына шаққанда |
32,382 млрд.[2] $ (124) 3,764[2] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
21,543 млрд.[2] $ (110) 2,504[2] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,544[3] (төмен) (153) | ||||
Валютасы | кина (PGK) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .pg | ||||
ISO коды | PG | ||||
ХОК коды | PNG | ||||
Телефон коды | +675 | ||||
Уақыт белдеулері | +10 |
Ресми тілдері – ағылшын тілі, пиджин, моту тілдері де қолданылады. Тұрғындарының 50%-ы протестанттар, 22%-ы католиктер, қалғандары жергілікті дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанады. Елбасы – Ұлыбритания монархы тағайындайтын жергілікті генерал-губернатор. Билік басындағы Үкімет басшысы – премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлттық парламенті. Әкімшілік жағынан 19 провинцияға және 1 астаналық округке бөлінеді. Ұлттық мейрамы – 16 қыркүйектегі Ұлт күні (1975). 1975 жылдан БҰҰ мүшесі. Ақша бірлігі – кина.
Ел аумағы негізінен таулы, қыратты. Жағалау бойындағы ойпаттар мен жайпақ тау бөктерлері тау сілемдерін құрайды. Кейбір тау жоталарының биіктігі 3000 – 4000 м. Елдің ең биік нүктесі – Вильгельм тауы (4509 м).