![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/9e/Aerial_view_of_the_Lower_Paran%25C3%25A1_Delta%252C_2009-03-25.jpg/640px-Aerial_view_of_the_Lower_Paran%25C3%25A1_Delta%252C_2009-03-25.jpg&w=640&q=50)
Парана
Ұзындығы : 4380 км / From Wikipedia, the free encyclopedia
Парана[1] (үндістерше Parana — үлкен өзен) — Бразилия мен Аргентина жеріндегі өзен. Ішінара Аргентина мен Парагвай шекарасымен ағады. Ұзындығы 4380 км, алабының аумағы 2663 мың км² (Уругвай өзенімен бірге 2970 мың км²). Бастауын Бразилия таулы үстіртінен ағып шығатын Риу-Гранди және Паранаиба өзендерінен алады. Сол жағынан Тьете, Паранапанема, Игуасу, Уругвай, оң жағынан Парагвай, Рио-Саладо салалары қосылады. Орташа су ағымы 17,5 мың м3/с. Парана Парана лавалық үстіртінен ағып өткенде шоңғалдар мен су құламаларын (Игуасу — биіктігі 72 м, Сети-Кедас — биіктігі 33 м) құрайды. Ла-Плата ойпатына шыққаннан кейін нағыз жазықтық өзенге айналады. Сағасында Уругвай өзенімен қосылып Ла-Плата эстуарий-шығанағын түзеді. Парана жаңбыр суымен толығып, жылына екі рет тасиды (қаңтар — мамырда және маусым — шілдеде). Сағасынан Посадас қаласына дейін кеме қатынайды. Су құламаларының бойында бірнеше қуатты электр станциялары салынған. Басты қалалары: Посадас, Корриентес т.б. (Аргентина); Ла-Плата жағалауында Буэнос-Айрес Мұрағатталған 20 қыркүйектің 2012 жылы. (Аргентинаның астанасы) және Монтевидео (Уругвай астанасы) орналасқан.
Дереккөздер
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/9e/Aerial_view_of_the_Lower_Paran%C3%A1_Delta%2C_2009-03-25.jpg/640px-Aerial_view_of_the_Lower_Paran%C3%A1_Delta%2C_2009-03-25.jpg)
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |