From Wikipedia, the free encyclopedia
Пилюля (лат. pilula — домалақ, шар тәрізді) — дәрінің домалақтанған түрі. Фармокологиялық комитетінің қарарына сәйкес салмағы 0,1—0,5 г, диаметрі 3— 8 мм-ден аспауы керек. Фармокологияда таблетка шыққанға дейін Пилюля кең қолданылып келді. Пилюляның басқа дәрілерден ерекшелігі — кейбір дәрілердің ішуге жағымсыз иісі мен дәмін білдірмейді. Өз салмағындай таблеткаға қарағанда ішуге ыңғайлы, оңай жұтылады. Пилюля дәрілік заттарға су, спирт, глицерин, қант, бал, ұн, алюминий тотығы т. б. қосу арқылы жасалады. Бұл аталған заттардың қайсысын қосу дайындалатын Пилюля түріне және қолданылуына байланысты. Пилюля арнайы ыдыстарда (картон, шыны, пластмасса) құрғақ жерде сақталады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.