Полька
From Wikipedia, the free encyclopedia
Полька[1] , нимра, мадера (чех тілінде pulka — жарты адым) — чех халқының ұлттық биі. Жылдам екпінмен, шағын адыммен билейтін би, музыкалық өлшемі 2/4. Польканы екі адам шеңбер бойын айнала билейді. Полька Чехияның би мәдениетінің неғұрлым типтес белгілерін қамтыды. Жылдам және формасы қарапайым полька биі 19 ғ-дың басында Словакия, Сербия, Венгрия, Австрия елдерінде, ал 19 ғ-дың 40-жылдарында Еуропаның барлық жерлеріне бал биі есебінде таралды (И.Штраус, Э.Вальдтейфель, т.б.). Полька музыкалық жанр ретінде композитор Б.Сметана, А.Дворжак, А.Г. Рубинштейн, М.А. Балакирев, П.И. Чайковский, С.В. Рахманинов шығармаларында пайдаланылған.