![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/87/LH_95.jpg/640px-LH_95.jpg&w=640&q=50)
Протожұлдыз
From Wikipedia, the free encyclopedia
Протожұлдыз — жұлдызара материялар (ISM) ішіндегі молекулярлық алып тұмандықтың топтасуынан қалыптасқан аспан денесі болып, ол әдетте жұлдыз пайда болуының алғашқы сатысы есептеледі. Күн массасындай тұрақты жұлдыз үшін аталған алғашқы саты шамамен 100 000 жылдарға созылады. Ол молекулярлық тұмандық өзегінің тығыздығы үздіксіз артуынан басталып, Торпақ Т жұлдызы секілді жұлдыздың қалыптасуына дейін созылады да, біртіндеп негізгі тізбек жұлдызы түріне қосылады. Бұл үрдіс материяны өзіне сорудан энергиялық радиацияны сыртына шашуға дейінгі күрделі барысты қамтиды.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/87/LH_95.jpg/640px-LH_95.jpg)
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6b/Protostar_structure.svg/320px-Protostar_structure.svg.png)
Өлшеулер бойынша, алып молекулярлық тұмандықтар Вириаль балансы күйінде болып, тұмандықтардағы тартылыс күштің шектеуі тұмандық молеулясының қозғалыс тепе-теңдігін сақтатады. Ондағы әрқандай сыртқы және ішкі әсердің ауытқытуы тепе-теңдіктің бұзылуына соқтырып, ғаламатжұлдыз жарқырауын туғызады. Әсіресе басқа тұмандықтарға жақындау, немесе соқтығу жағдайында тұмандықтың мәлім аймағында кинетикалық энергияның гравитациялық өзгерісі туылады.
Англия физигі Джеймс Хопвуд Джинс(Sir James Hopwood Jeans) бұл құбылысты жан-жақтылы талдап берген болатын. Оның көрсетуінше, жеткілікті шарт-жағдайда тұмандықта және оның мәлім өңірінде осындай шұғыл өзгеріс тууы мүмкін. Ол тұмандыққа қажетті үлкендік және масса және гравитациясылық топталу алдындағы тепература мен тығыздық ортасындағы формуланы тауып шыққан болатын. Бұл шекаралық масса жұртқа белгілі Жинс массасы есептеледі, оны былай өрнектеуге болады:
Мұнда n тұмандықтың мәлім өңірінің тығыздығын, m тұмандық ішіндегі газдардың орташа массасын, T тұмандық газының температурасын көрсетеді.