Пётр Кириллович Эссен - Wikiwand
For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Пётр Кириллович Эссен.

Пётр Кириллович Эссен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Пётр Кириллович Эссен
Пётр Кириллович Эссен

Пётр Кириллович Эссен (1772 – 1844) – патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау әкімшілігінің өкілі, инфантерия генералы (1819), граф (1833). Наполеонға қарсы әскери компанияға қатысқан (1814 – 15). 1817 – 29 ж. Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы, жеке Орынбор корпусының командирі, шекара комиссиясының бастығы болды.

1822 ж. Кіші жүзді жаңаша басқару мақсатындағы заң жобасын дайындады. Оның жобасы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Азия департаментінде қаралып, 1824 ж. бекітілді (қ. “Орынбор қырғыздары туралы жарғы”). Осы жылдан бастап Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Хандық билік Бөкей ордасында ғана 1845 жылға дейін сақталып, Кіші жүз қазақтарын басқаруда Ресейдің отарлық әкімшілігінің жаңа жүйесі енгізілді. Эссен Ресейдің Орталық Азия хандықтарымен сауда және саяси байланыстарының нығайуына ат салысты. Оның ұсынысы бойынша, Бұхара мен Хиуаға бірнеше сауда және дипломат. миссиялар жіберіліп, Орт. Азия мен Қазақстанның тарихы, этнографиясы, экономикасы және географиясы зерттелді. Эссен 1829 – 42 ж. мемл. кеңестің мүшесі, Санкт-Петербургтың әскери генерал-губернаторы болды. 1842 ж. отставкаға шықты.

Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін; мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз; өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Пётр Кириллович Эссен
Listen to this article