Пәтуа
From Wikipedia, the free encyclopedia
Пәтуа (консенсус; лат. consensus — келісу, бірауыздылық)—
- 1) даулы мәселелер бойынша дауысқа салмай келіссөз барысында ортақ келісімге келу. Оқу-білім мекемелерін басқару процесінде шешім қабылдаудың бір амалы;
- 2) белгілі бір іс жөніндегі бітім, тоқтам, келісім; ислам дінінде шариғат бойынша керекті мәселе, іс жөнінде дін басы муфтидің, бас қазының шығарған қарары, шешімі, тоқтамы, қорытындысы. Мұсылмандар үшін пәтуа — бұлжытпай сөзсіз орындалуға тиісті заң, міндет, парыз. Пәтуа, әдетте, қағида, ереже, нұсқау түрінде жазылып, мұсылмандарға жария етіліп, таратылып отырған.[1][2]
Пәтуаның негізгі қызметі ел ішіндегі түйткілді мәселелерді ұрыс-жанжалсыз, ушықтырмай шешу болып табылады.[3]