From Wikipedia, the free encyclopedia
Реактивтік қозғалтқыш[1] — жұмыстық дененің бастапқы энергиясын сол дененің реактивтік ағынының кинетикалық энергиясына түрлендіру арқылы тарту күшін тудыратын құрылғы. Қозғалтқыш соплосынан жұмыстық дененің сыртқа қарай ағып шығуы нәтижесінде жұмыстық дене ағынының тербелісі түрінде реактивті күш пайда болады. Реактивтік ағынның кинетикалық энергиясына түрленетін энергия химиялық, ядролық, электрондық, т.б. болуы мүмкін. Қазіргі кезде реактивтік қозғалтқыштарда алғашқы энергия көзі ретінде көбінесе химиялық энергия пайдаланылады. Реактивтік қозғалтқыштың негізгі бөлігі — жану камерасы. Оның бір жағында жанған жұмыс денесі үдемелі жылдамдықпен (реактивтік ағын түрінде) ұшып шығатын сопло болады. Реактивті қозғалтқыштардан тарту күші жоғары турбореактивті қозғалтқыштың алғашқы сұлбасын орыс инженері Н. Герасимов ұсынған (1909). Олар ғарышқа массасы ондаған тоннадан асатын ғарыш кемелерін, басқа да қажет жүктерді жеткізу үшін қолданылады.
Жоғарғы қысым және температурадағы газ жану камерасының алдыңғы камерасына сопло орналасқан артқы қабырғасына қарағанда көп қысым күшін тудырады. Сондықтан олар сопло арқылы үлкен жылдамдықпен сыртқа шығарылады да, ракетаны алға қарай қозғалысқа келтіреді.
Реактивтік қозғалтқыштардың айналадағы ортаны жұмыс қажетіне пайдалану не пайдаланбауына қарай екі классқа жіктеледі:
Кез келген реактивті қозғалқыштың кем дегенде екі құрылымдық бөлігі болуы керек:
Қазіргі заманда космосты игеру мақсатында, метеоролигялық мақсаттарда, түрлі радиустағы әскери ракеталарда қолданылады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.