Ресей республикалары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ресей Федерациясы 83 субъекттен тұрады, оның 21-і республикалар.[1] Барлығын қоса есептегенде республикалар Ресей аумағының 28,6 %-н алып жатыр, мұнда елдегі халықтың 16,9 % мекендейді.
Республикалар өлкелер мен облыстармен салыстырғанда ұлттық-мемлекеттік құрылым болып табылады, яғни Ресей құрамында бола тұра белгілі бір халықтың (халықтардың) мемлекеттілігін көрсетеді. Өзге субъектілерден айырмашылығы - республикалардың өздерінің конституциялары бар және өздерінің мемлекеттік тілдерін бекіте алады.
Көптеген қазіргі кездегі республикалар кеңес үкіметі кезеңінде автономиялы кеңестік социалистік республика статусына ие болды, кейбірі автономиялы облыс болды. РКФСР-дің ішінде ұлттық мемлекеттік құрылым бола тұра федерация субъектілері болып есептелді (Өлкелер мен облыстардан айырмашылығы. Олар әкімшілік-аумақтық бірлік болатын).